ҚАБЫЛДАУДА – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Тәртіптік кеңес төрағасы Мұхит Ізбанов «Нұр Отан» партиясының Индер аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл жолғы қабылдаудың бір ерекшелігі – оған қалың көпшілікпен бірге бұрын басқару саласында жұмыс істеген мемлекеттік қызметкерлердің де көптеп келуі болды.

alogo1223333334Жасыратыны жоқ, Елбасы тапсырмасына сай мемлекеттік қызметке еніп жатқан соны жаңалықтар мен талаптарды мүлтіксіз орындау үшін алдымен оны терең игеру қажет болуда. Оның өзі де мемлекеттік қызметтің сапасын көтеріп, халықпен жұмысты жаңа сатыға көтерері сөзсіз. Сондықтан да келушілердің барлығының да сауал-тілектері зор ықыласпен тыңдалып, жауап берілді.
Мәселен, қабылдауға келген аудандық тұрғын үй-коммуналық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде жұмыс істейтін маман А.Құсайынов келіп, кезінде бөлім басшысы қызметін атқарып жүргенде әлдебір себептермен сыбайлас жемқорлық туралы заңымен істі болғанын айтып, бірақ, оған арада біраз жыл өткенін, сондықтан да, мемлекеттік қызметке қайта оралуға мүмкіндігі бар-жоғын білгісі келетіндігін жеткізді. Мұндай сауалмен өзге де келгендер болды.
Сыбайлас жемқорлық туралы заңның әртүрлі баптары барлығы, сондықтан да бұл азаматқа үш жылдан соң қайта оралуға құқысы бар екендігі айтылып, құжаттарын тапсыру жөнінде кеңес берілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Тәртіптік кеңес төрағасы М.Ізбанов аудандық әкімдікте өткен «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, персоналды бағалау және мемлекеттік органдармен көрсетілген қызметтер туралы» семинар барысында да көптеген сауалға жауап қайтарды.
Өзара түсіністік пен іскерлік жағдайында өткен семинардың барысында аудандағы мемлекеттік қызметтегілер көптеген сауалдар қойса, басшымен бірге облыстан келген мамандар оларға жан-жақты түсініктер берді. Сондықтан да, аудан әкімі С.Арыстан семинардың екі жаққа да пайдалы болғандығын атап көрсетіп, қатынасушылар атынан оны ұйымдастырушыларға алғыс сезімін жеткізді.

Сүйеу ХАЛЫҚОВ,
Индер ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз