Жарнама
СарапTimeМәдениет

ҚОС ІШЕКТЕН ТӨГІЛГЕН …қоңыр әуен

БҰЛ КҮНІ ЖЕРГІЛІКТІ ЖҰРТШЫЛЫҚ ӘДЕМІ РУХАНИ ШАРАҒА КУӘ БОЛДЫ. КЕШ ИЕСІ – ӘМБЕБАП МУЗЫКАНТ. ӨНЕР ЗЕРТТЕУШІЛІГІ ДЕ БАР… ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ, «ДАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ, ДӘУЛЕСКЕР ДОМБЫРАШЫ АЙГҮЛ ҮЛКЕНБАЕВА!

Иə, Құрманғазы мəдениет сарайында өткен өнер саңлағының шығармашылық кешіне жиналғандардың қарасы мол болды. Залда ине шаншыр орын табылмады. Дені жастар екені байқалады. Қазақтың бай əдеби-мəдени мұрасы бүгінгі ұрпақтың зердесінде шегеленіп, санасында нақтыланып, олардың нағыз отансүйгіш патриот, ұлтжанды азамат болып қалыптасуына ықпал етіп отырғандығын көріп, көңіл марқайды. Дарабоз домбырашының 60 жас мерейтойымен орайластырылған кеш Махамбеттің «Қиыл қырғынымен» шымылдығын түрді. Əрі қарай Есірдің «Жалдықарасына» жел бітірсе, Есбайдың «Терісқақпайын» тебірене төгілтті. Бұл кештің өзге өнер кештерінен өзгешелігі – орындалған əр күйдің тарихы баяндалды. Қазір көп домбырашы сахнаға үнсіз шығып, күйін тартып, жұмған аузын ашпастан жүре беретінін байқаймыз. Шығарманың шығу тарихын аңызымен тұздықтай отырып əңгімелеу жоғалып барады. Бүгінгі ұлттық өнер ұлықталған шарада бұл дəстүр жаңғырғандай болды. Айгүл Нариманқызы тартқан күйлерін шығу төркінімен əрлеп, əспеттеп отырды. Соның ішінде Динаның «Науысқы» күйі жайлы əсерлі əңгіме айтты.

– Өткен жылы Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына орай «Түркі əлемінің ұлы композиторы» кітабы шыққан б о л а т ы н . А т а л ғ а н т у ы н д ы н ы ш ы ғ а р у б а р ы с ы н д а к ө п т е г е н жұмыстар атқарылды. Бірнеше елдің мұрағаттарында болып, бұрын-соңды айтылмаған тың дүниелерге қанықтық. Мəселен, күйшінің өмірбаяны мен күйлерінің шығу тарихын үш кезеңге бөліп қарастырдық. Яғни, балалық шағы, ұстаздан тəлім алуы, 1922-1937 жылдары Ресейге қоныс аударуы – алғашқы жеңістер, одан кейін Алматы кезеңін қамтыдық. Қысқасы, осы күнге дейін айтылмаған тарихты тізбелеп, күмəнді деректерді жан-жақты сараладық. Бүгінге дейін Дина əжеміздің «Науысқы» күйі «Науаи» деп те екі атаумен жүрген болатын. Зерттеулер барысында «Науаи» деген де шығармасы бары анықталды. Яғни, 1944 жылы барысында өмірге келген күй екен. Дина апамыздың Астраханда тұрғанын көпшілік біле бермейді. Ол Астрахан облысында 15 жыл өмір сүрген жəне 1934 жылы Марфино ауылындағы өткен көркемөнерпаздар байқауында осы «Науысқы» күйін орындап, бірінші орын алған. Бұл күйшінің алғашқы жеңісі болатын, — деген кеш иесі Қазанғаптың «Торы жорғаның бөгелек қағуы», Динаның « Н а у ы с қ ы » к ү й л е р і н о р ы н д а п , тыңдарман қауымның құлақ құрышын қандырды.

Тарихты күймен тəпсірлеп, танымды жырмен тасқындатты. Қос ішектен төгілген нəзік иірімді сыршыл əуендер кімді болса да елітіп, ерекше əсерге бөледі. Əсіресе, домбыраның үні Айгүл Үлкенбаеваның өнердегі інісі Сəтжан Шаменовтің сүйемелдеуімен п и а н и н о м е н б і р г е о й н а ғ а н д а жиналған жұртшылық сілтідей тынып, өнерпаздар өнеріне көзайым болды. Қошеметпен жоғары баға берді. Айгүл Нариманқызы – балбармақ к ү й ш і ғ а н а е м е с , ө з м е к т е б і н қалыптастырған, қазақтың талай талантты ұл-қызына жол көрсетіп, соңынан ерте жүрген сұңғыла ұстаз. Кеш иесінің шəкірті, халықаралық конкурстардың лауреаты Ерасыл Əділбековпен бірлесе орындаған Қ ұ р м а н ғ а з ы н ы ң « Б а й ж ұ м а » , Қаршыға Ахмедьяровтың «Алтын ұя» шығармасы қара домбыраның қоңыр үніне сусаған елдің көңілін жадыратты. Бір қолымен əлемді, бір қолымен бесікті тербететін ананың еселі еңбегін ешкім ешқашана өтей алмасы хақ. Қос таланттың қос домбыра шанағынан Бауыржан Бекмұханбеттің «Алтыныма» шығармасы төгіле жөнелгенде кез-келгеннің жүрегі елжіреп, анаға деген құрметі артып, ыстық сағынышы басылғандай болды.

Тылсым да терең əуезбен əлдиледі… Т а б и ғ а т т ы ң ү н і н , т ұ л п а р д ы ң дүбірін, адамның сырын төгілткен домбыраның киесі, қасиетіне қалайша таңғалмайсың… Ал, кеш барысында дарабоз өнер иесі Д.Нұрпейісова атындағы музыка колледжінің домбырашылар тобымен жəне шəкірттерімен бірге күй тартыс өткізіп, шалқар шабытпен шаттандыр[1]ды. Эстрада жанры атойлап тұрған заманда қолдарына қасиетті қара домбыра алып, ұлттық өнерді дамытуға өздерінше үлестерін қосып отырған өнерпаздардың өнеріне риза болмасқа шараң жоқ! Қ о ң ы р ə у е н қ а л ы қ т а ғ а н шығармашылық кеште облыс əкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев дарабоз күйшіге аймақ басшысының атынан жылы лебізін білдірді.

– Жөргегіне күй сіңген Айгүл – Наримандай тегеурінді күйші əкенің тəлімін алған, қасиетті өнер қаннан берілген текті дарын. Бүкіл саналы ғұмырын қазақтың қара домбырасын əлдилеуге арнаған аса талғампаз да талантты қызын халық жақсы көреді, — деп күйшіге камзол кигізіп, ықылас гүлін табыстады. « М е р е й т о й ы м а о р а й атыраулықтардан елге келсеңіз деген» ұсыныс түсті. Шынымды айтсам, бұл жағдай жинақталуыма үлкен қамшы болды. Туған жеріме келетін болғаннан кейін жаңа бағдарлама əкелуге жұмыстандым. Топтағы музыканттар – өз шəкірттерім, талантты жігіттер. Сондықтан, бүгінгі мерекелік кешіміз халықтың көңілінен шықты деп ойлаймын. Бұл жасаған еңбегіміздің нəтижесі деп білемін»,- деді өнер иесі.

Кештің тағы бір есте қаларлық елеулі сəті – облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов Айгүл Үлкенбаеваның анасы Шолпан апайға камзол жауып, «Ардақты ана» медалін,ал күйшіге Хиуаз Доспанова атындағы медальді табыстады. Айгүл Нариманқызы көп жылдар бойы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «музыка жəне өнер» кафедрасының студенттеріне дəріс оқып, Атырауға келген əр сапарында болашақ домбырашыларға м у з ы к а л ы қ о й — ө р і с і н і ң ө с у і н е , техникалық шеберлігінің жетілуіне бірден-бір септігін тигізетін шеберлік сабақтарын өткізіп жүреді екен. Бұл туралы аталған оқу ордасының ректоры Саламат Идрисов айтып өтті. Күйшінің елеулі еңбегіне жəне университеттің кəсіби өнер иелерін дайындауға қосқан сүбелі үлесі үшін Атырау университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен Айгүл Үлкенбаеваға «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің « Қ ұ р м е т т і п р о ф е с с о р ы » а т а ғ ы берілген болатын. Күй күмбірлеген кеш барысында университет ректоры Саламат Нұрмұханұлы талант иесіне «Құрметті профессор» куəлігін табыс етіп, мантия кигізді. Бұл кеш көпке дейін көпшіліктің көңілін тербетіп тұратыны анық. Өйткені, бұл күні халық əндерін шебер орындап жүрген Ардақ Балажанова өнердегі əріптесінің кешінде жырдан шашу шашқан болатын. Сонымен, ұлттық өнер ұлықтаған күн болды.

– Бүгінде теледидарда да, радиода да, одан қалса тойда да даңғыр[1]дұңғыр эстрадалық əндер айтылады. Халық осындай əуендерге үйреніп қалған. Ал, бүгінгідей шараларға осы салада қызмет ететін маман немесе осы мамандықта оқып жүрген студенттер қатысады деп ойлаушы едім. Бүгінгі концерттегі халықтың қарасының көптігі ойымды өзгертті. Дегенмен, осындай ұлттық өнер кештерін телеарналар насихаттауы қажет. Дəстүрлі халықтық əн мен күйге тəрбиелеуі керек. Дегенмен, «болмасаң да ұқсап бақ» демекші, болашағынан үміт күттірер жастар өсіп келеді. Дəстүрлі əн-күй өнерін дəріптер ұрпақ барына қуаныштымыз, — дейді кеш көрермені Жəнібек Зинелұлы.

Рита ӨТЕУҒАЛИ

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button