Жарнама
СарапTimeҚоғам

Қоғамға қажет екеніңді сезіну – шын бақыт

ЕЛІМІЗДЕ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІҢ ӨЗ ІСІНЕ МҰҚИЯТТЫЛЫҚ ТАНЫТЫП, КӘСІППЕН АЙНАЛЫСУЫ ҮШІН ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ ЖАСАЛҒАН. АНАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒЫНАН ҒАНА ЕМЕС, ОЛАРДЫҢ БІЛІМ АЛЫП, ЖЕКЕ КӘСІБІН СОЛ ТЕОРИЯМЕН ҰШТАСТЫРУЫНА ДА МҮМКІНДІК МОЛ. СОНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ КӘСІБІ МЕН ОТБАСЫН ҚАТАР АЛЫП ЖҮРГЕН ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ. СОЛАРДЫҢ БІРІ – МАҚАТТЫҚ КӨП БАЛАЛЫ АНА ЭЛЬМИРА МУСИНА.

– Эльмира Ғарифоллақызы, ә ң г і м е н і о т б а с ы ң ы з д а н бастасақ…

– Құдайға тәуба, отағасым Сәндібектің қолдауымен бала тәрбиесіне де үлгеріп, қоғамдық жұмыстарды да қатар алып жүрмін. Екеуміз жеті баланы өмірге әкеліп, тәрбиелеп отырмыз. Олар да бізді сүйсінтіп, білім жолындағы жетістіктерімен қуантып жүр. Т ұ ң ғ ы ш ы м ы з Г а у һ а р Ақтөбе қаласында медицина м а м а н д ы ғ ы н д а о қ и д ы . Ұлымыз Темірлан – қобызшы, Д . Н ұ р п е й і с о в а а т ы н д а ғ ы колледжде, музыка саласын таңдады. Ауданға белгілі Қорқыт атасының ізін жалғастырушы өнерпаз. Екінші ұлымыз Батырлан ағылшын тілін жетік меңгерген, АРЕC Petrotechnic колледжінің студенті. Одан кейінгі Ерасыл – кадет сыныбының озат оқушысы. Әділжан болса, қазақ күресінен спорт шебері. Тәңірден – Абайдың қара сөздерін жатқа білетін ерекше ұлымыз. Ал, үйдің кенжесі Райана әзірге тәтті қылығымен қуантуда. Балаларымыздың жетістігі – кәсіп пен отбасын қатар алып жүргеннің айқын көрінісі.

– Иә, «кәсіп түбі – нәсіп» деген жақсы сөз бар. Кәсіпкерлікке қалай келдіңіз?

– Өзім 2019 жылдан бері жеке кәсіппен айналысамын. Қазір «Айналайын баладан» қоғамдық қорының төрайымы, «Шабыт» шығармашылықты дамытатын оқу орталығының жетекшісі, Мақат ауданы іскер әйелдер кеңесі төрайымының орынбасары қызметін атқарамын. 2019 жылдың қыркүйек айында «Бизнес бастау» жобасы арқылы 505 мың теңгенің  грантын ұтып алдым. Сол жылы желтоқсанда «Іскер ана» жобасына қатысып, оның да гранты бұйырды. Одан кейін Азаматтық Альянс ұйымдастырған жобадан «Айналайын баладан» қоғамдық қоры 500 000 теңгелік грантты иеленіп, 2020 жылы әлеуметтік кәсіпкерлік бағытындағы білімімді толықтырып, Эмин Аскеровтің курсынан өттім. Бұл курсты аяқтағаннан кейін қайырымдылық мақсатындағы түрлі шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, инновациялық жобаларға арналған грантқа қатысып, 2,5 млн. теңгені жеңіп алдым. Қоғамдық қор балалардың ж а з ғ ы д е м а л ы с ы н т и і м д і пайдалану мақсатында әлеуметтік осал топтағы ауыл оқушыларына тегін үйірмелер ұйымдастырды. Онда балалар сурет, ән, ағылшын курсы, тігу, пішу, гипспен өнім жасап, оны безендіруді үйренді. Біз ұйымдастырған түрлі байқауларға қатысқан оқушылар жүлдегер атанып, түрлі марапаттарға ие болды. Осындай игілігі мен көмегі мол жұмыстарды жүргізу барысында өткізілген әртүрлі пәндік және интеллектуалдық олимпиадалардан жүзден жүйрік шыққан қабілетті жастар да марапаттардан құр қалған жоқ. Сондай-ақ, жастардың бос уақытын пайдалы өткізуі үшін оларды волонтерлік қызметке баулып жүрмін. Осындай жұмыстарым және қоғамдық өмірге белсене араласқан еңбегім еленіп, 2020 жылы «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясы бойынша облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды. Оған қоса, аудан әкімінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы о б л ы с т ы қ ф и л и а л ы н ы ң , «Атырау облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының Алғыс хаттарымен марапатталып, «Шығармашыл ұстаз» төсбелгісін иелендім. Ендігі мақсатым – осы ж ұ м ы с т а р д ы б о л а ш а қ т а да жалғастыру. Қилы тағдыр кімнің басына өз ауыртпалығын түсірмеген, өз ауылымдағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған аналарды кәсіпке баулып, көмектессем бе деген ниетім бар.

– Кәсіпкерлік пен отбасын қатар алып жүру оңай болмас, сірә?..

– Меніңше, барлық іс-әрекет адамның ниетіне байланысты жүзеге асады. Өз тәжірибемнен айтарым, мемлекеттік қолдаудың арқасында ешкімге алақан жаймай, кәсіп бастаған отбасылар өзгелерге үлгі болатынына сенімдімін. Қаншалықты жұмыс істеп тер төксең, соншалықты нәсібің мол болады. Десек те, «әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген сөзді де естен шығармаған жөн. Қазір осы бір қанатты сөз өмірлік ұстанымыма айналды. Сондықтан, жастарға кеңесім-іскерлік пен білімге сенген жан қор болмайды, жерде қалмайды да. Мақсаты айқын, жоспары жүйелі болса алынбайтын қамал жоқ. Осы жерде бір мәселені айта кеткеннің оғаштығы болмас. Көпке топырақ шашпаймын, бірақ кәсіпті айтпай-ақ үйдің тірлігіне үлгере алмай жүрген қыз-келіншектер бар. Соларға қарап ойлаймын, кәсіппен айналыспай үйде отырған адамның үй шаруасына үлгермеуі мүмкін емес. Баламен отырған әйел үй шаруасын келістірмесе, отбасындағы адамдардың да жағдайын жасап үлгермейді. Бала тәрбиесі де елеусіз қалады. Барлығына уақыт табу – адамның өзіне байланысты. Егер жоспарлы түрде жасаса, үлгермейтін іс, шешілмейтін проблема жоқ. Кәсіпкерлікті де, отбасын да қатар алып жүрген аналар аз емес. Расында, отбасыңнан бөлек, қоғамға қажет екеніңді сезіну – шын бақыт!

– Сырлы сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Мақат ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button