СарапTimeҚоғам

Мұсылманның міндетін сəнге айналдырып алдық па?

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНЫҢ АЛДЫНДА ҚАЗАҚСТАН М Ұ С Ы Л М А Н Д А Р Ы Д І Н И Б А С Қ А Р М А С Ы ТАРАТҚАН АҚПАРАТТА КІМДЕРГЕ ОРАЗА ҰСТАУҒА БОЛМАЙТЫНДЫҒЫН АНЫҚ КӨРСЕТКЕН.

АТАП АЙТҚАНДА, ЖОЛАУШЫЛАП ШЫҚҚАН АДАМ, ЖҮКТІ НЕМЕСЕ БАЛА ЕМІЗЕТІН ӘЙЕЛ, АУРУСЫРҚАУ ЖАНДАР, ҚАРТТЫҚҚА КІРГЕН ҮЛКЕНДЕР, ХАЙЫЗ НЕМЕСЕ НИФАС ЖАНДАР. ОСЫ ТАЛАПТЫ БАСШЫЛЫҚҚА АЛА МА, ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ЖЕТІДЕГІ БАЛАДАН ЖЕТПІСТЕГІ ҚАРТҚА ДЕЙІН ОРАЗА ҰСТАУҒА БЕЙІМ БОЛЫП ОТЫР. МЫСАЛЫ: 2 СЫНЫПТЫҢ ҚЫЗ БАЛАСЫ ОРАЗА ҰСТАП ЖҮР. 6 СЫНЫПТЫҢ БАЛАСЫ МЕКТЕП ПАРТАСЫНДА СҰЛҚ ЖАТЫР, ОЛ ДА ОРАЗА. ЖАС БОСАНҒАН АНА СӘБИІ 5-6 АЙҒА ТОЛМАЙ ОРАЗА ҰСТАП ОТЫР. СТУДЕНТ САБАҚ ҮСТІНДЕ АУЫЗЫН СУМЕН ШАЙЫП КЕЛУГЕ СҰРАНАДЫ, СЕБЕБІ ОРАЗА. ЖАС МАМАН АУЫЗ АШУҒА ЕРТЕРЕК СҰРАНЫП КЕТКІСІ КЕЛЕДІ, ОРАЗА БОЛҒАНДЫҚТАН ШАРШАП ОТЫР. СӘРЕСІН ІШУ МЕН АУЫЗАШАРДЫҢ АРАСЫ АТЫРАУДА 16 САҒАТҚА ЖАҚЫНДАЙДЫ.

Енді, дəлел дəйегімді келтіріп қарайын. Бұрын əжелеріміз келіндеріне сəбиін 2-3 жасқа дейін емізуін талап ететін. Қазіргі медицинада жас аналарға сəбиін 18-20 айға дейін емізуге кеңес береді. Сондай-ақ, жасөспірімге, жас ағзаға 16 сағат бойы нəр татпай жүру кері əсер ететіндігін дəрігерлер дəлелдеп бағуда. Кейбір оразаны дəлел еткен жеткіншектер мен жасөспірімдер ауыз ашқаннан сəресін ішкенге дейін көше кезіп қыдырып жүреді. Ал, сəресін ішіп алған соң, түс қайтқанша қалың ұйқының құшағында болады. Бұл сонда оразаның талаптарын орындап, имандылыққа бет бұрғанымыз болып санала ма? Еңбек еткісі к е л м е й т і н т о ғ ы ш а р л а р д ы тəрбиелеп отырған жоқпыз ба? Бір сөзбен айтқанда, оразаның қ а д і р – қ а с и е т і н т ү с і н б е й , Рамазан айын сəнге айналдырып жібергендей. «Ораза – намаз тоқтықта» деген ата-бабамыздың қанатты сөзі де қаперде болғаны дұрыс.

Биыл Атырау облысында көктемгі əскери шақырылымға 700 сарбаз алынуы керек. Бірақ, баратын жастардың саны жеткіліксіз. Өкінішке қарай, қазіргі жастар шыңжау, боркемік жəне денсаулықтары нашар. Тіпті қазіргі жасөспірімдердің наркомания, токсикомания, алкоголизм, темекі шегу секілді жағымсыз құбылыстарға беріліп кететіні де ішкі ағзаларының қалыптасып болмағанынан көрінеді.

Сондай-ақ, қазіргі молдалар топырақты өлімде ақиреттік өмір, жəннатқа түсу, тозақтағы азап, ораза ұста, намаз оқы деген таптаурын сөздерді көбірек айтады. Оның орнына еліміздің болашағы, адам баласының өмірге құлшынысы, фəнилік ғұмырда салиқалы да салмақты өмір сүруі, жастардың тірлігінің мəн-мағынасы жөнінде ақылкеңестерін көбірек берсе, жанымыз жадырай түскен болар еді.

С о н д ы қ т а н , Қ а з а қ с т а н мұсылмандары діни басқармасы оразаны кімдерге ұстамауға б о л а т ы н д ы ғ ы н а р ұ қ с а т б е р г е н к е з д е , т ө м е н д е г і ұсыныстарымызды ескергені жөн болар еді:

біріншіден, 1-11 сынып аралығындағы мектеп оқушылары; екіншіден, сəбиі 2 жасқа толмаған жас аналар; үшіншіден, оқу үлгеріміне, сабаққа қатысына, білім алу белсенділігіне зияны тиетін с т у д е н т т е р ; т ө р т і н ш і д е н , еңбек қабілетіне, еңбекке деген ынтасына, еңбек ету белсенділігіне кедергі жасайтын мамандар.

Дегенмен, бар жауапкершілік ата-анада екенін ұмытпауымыз керек. Себебі, өз ұрпағы, бауырынан өрбіген ұл-қыздары болашақ көз қуанышы екендігін жадынан шығармауға тиісті. Мемлекет те, қоғам да бұл мəселеге өте сергек қарағаны дұрыс. Себебі, біз зайырлы, демократиялық, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекетпіз. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, мемлекет басшысы да, бас мүфти де қолдап, қорғап отырғандай, жастардың санасын сан-саққа жүгіртпей, дініміз ислам, мəсхабымыз имам ƏбуХанифа екендігін шынайы мойындауымыз қажет. Бұл мəсхабтың артықшылығы, қазақ халқының салт-дəстүрін, əдетғұрпын, ырым-тыйым сөздерін жоққа шығармайды. Сонда ғана, қазақ жастарының жарқын болашағына толық сеніммен қарай аламыз.

Айдар САБЫРОВ,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button