Жарнама
СарапTimeҚоғам

Бала қолындағы ТЕМЕКІ: Келеңсіз жағдайға қалай тоқтау саламыз?

 КЕШҚҰРЫМ УАҚЫТ. ҚАЛАДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ БІРІНІҢ АУЛАСЫНДА 12-14 ЖАС ШАМАСЫНДАҒЫ ЖАСӨПІРІМДЕР      ӨЗАРА ШҮЙІРКЕЛЕСІП, ӘЗІЛДЕСІП ТҰРДЫ. ӘДЕТТЕ КҮНДЕЛІКТІ ОСЫНДАЙ МЕЗГІЛДЕ БАЛАЛАР АЛАҢҒА ШЫҒЫП, БОЙ СЕРГІТЕТІНДІКТЕН ОЛ ТОПҚА КӨП МӘН БЕРЕ ҚОЙМАҒАНМЫН. АЛАЙДА, БІРАЗ УАҚЫТ   ӨТЕ СОЛ МАҢАЙДАН ШЫҚҚАН ЖАҒЫМСЫЗ ИІСКЕ НАЗАРЫМ АУДЫ. ЖАНДАРЫНА СӘЛ ЖАҚЫНДАЙ ТҮСКЕНМІН.   ІЗДЕРІНЕ ҚАРАЙ БЕТТЕГЕНІМДІ БАЙҚАДЫ МА, ӘЛГІ БАЛАЛАР ҚОЛДАРЫНА ҰСТАҒАН ТҮТІКШЕ ТӘРІЗДІ ЗАТТЫ ТАСТАЙ САЛЫП, ЖАН-ЖАҚҚА ҚАША ЖӨНЕЛДІ. ОҢ-СОЛЫН ТАНИ ҚОЙМАҒАН БАЛАЛАР НЕМЕН ӘУЕСТЕНІП ЖҮР? БҰЛ НЕ НӘРСЕ БОЛҒАНЫ, ОЛ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚОЛЫНА ҚАЛАЙ ТҮСКЕН?..

Ұрпаққа бас-көз болайық…

Осылайша, сан сауалдың шырмауында қалып, балалардың қолындағы түтікше тəрізді əлгі зат есімнен кетпей қойды. Кейін сұрастыра келе мұның электронды темекінің бір түрі, жеміс жидектер дəмімен дайындалған бір реттік шылым екенін білдім. Балалар тілімен айтқанда, «одноразка», «вейп». Иə, осындай атауларға ие бұл пəлені білмейтіндер аз болып шықты. Тіпті мұны қолдануға əбден еттері үйреніп алғандары да бар. «Балам ойынға кетті» деп үйінде алаңсыз отырған ата-аналар бұл туралы біле ме екен, сірə? Жас өрендер ашықтан-ашық қолдануға көшкен бұл өнім қайдан келген? Ал, дүкеншілер кəмелет жасына толмағандарға мұндай затты неге сатады? Мəселенің мəн-жайын анықтау мақсатында алдымен облыстық білім беру басқармасына хабарласқан едік. Басқарманың бөлім басшысы Алмагүл Қайырлиева бұл жағдайдан хабардар болып шықты. Ол мəселеге байланысты тиісті шаралар қолға алынып жатқанын айтты.

– Қоғамда технология дамып, ақпарат көбейген уақытта оның ортаға тигізер зияны да қатар жүретіні мəлім. Бұған дейін кейбір жасөспірімдердің наша, түрлі синтетикалық нəрселермен əуестенуі үлкен мəселеге айналған болатын. Оған қатысты нақты шаралар атқарылып, жағдай тұрақталған еді. Енді міне, биыл балалардың бір реттік электронды шылымды қолдануы қоғамды алаңдатып отыр. Біз де бұған бейжай қарай алмаймыз. Қазіргі кезде балалармен, əсіресе, ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүруде. Өйткені, бұл жағдай ата аналардың араласуымен ғана тұрақталады.

Сондықтан, ересектер балаларға бас-көз болып, теріс əдетке əуестенбеуін қадағалауы керек, — деді ол.

Бу емес – У

Қаланың бұрыш-бұрышында топтанып алып, аталған темекіні шегіп тұратын оқушылардың қарасы көбейгенін мамандар да растап отыр. Тіпті шылымның бұл түрі оқушылар арасын да сəнге айналып бара жатқандай. Аты айтып тұрғандай, топ балаға бір рет қана қолдануға арналған. Хош иісті, тартқанда түтін емес, бу шығатын болған соң оқушылар оны сыртта емес, мектептің ішінде де қуыстарда шеге беретін көрінеді. Бұл өнімді шығарушылардың негізгі мақсаты – аталған тауардың нарықтағы сауда сын қыздыру екені анық. Ал, əлі ағзасы толық жетіліп болмаған балалардың никотинмен уланып жатқаны оларды алаңдата қояр ма екен? Қорқыныштысы, оның жүрек-қан тамырлары мен өкпе, бауыр, бүйректі зақымдап, жүйке жүйесіне кері əсері бары да анықталған. Ал, ең қауіптісі, электронды темекі интернет, əлеуметтік желілер арқылы ашықтан ашық жарнамаланып, сатылуда. Біз бұған «эксперимент» жасау арқылы да көз жеткіздік.

«Эксперимент»

Осы мақсатта қаладағы №34 көп салалы мектеп-гимназиясының 8, 9, 10-шы сыныптардың ү ш о қ у ш ы с ы н е р т і п ( ат а — а н а л а р ы н ы ң рұқсатымен) аталған темекіні сатып алуға «Алмагүл» шағын ауданындағы дүкендерді аралап көрдік. Естуімізше, бұл маңайдағы балалар көбіне сол айналадағы дүкендерден сатып алады екен. Сағат кешкі 20.30 шамасы. Үш жеткіншек дүкендерге кіріп, əлгі дүниені сұрап шықты. Оларды есік алдынан күте тұрдық. «Сəлеметсіз бе, «однаразка» беріңізші?» деген балалардың дауысы дүкен сыртында тұрған бізге анық естіліп тұрды. Бірінде таусылып қалса, енді бірі мүлде сатпайтын болып шықты. Тек бір шағын дүкен сатушысы ғана онлайн тапсырыс арқылы алдырып бере алатынын ашық айтты. Əлдекімдердің нұсқауымен келесі күні «Дина» сауда орталығының ұсақ-түйек сататын артқы тұстарын аралап көрдік. Сол жердегі сату шылардан сұрастыра келе, балалар қолданып жүрген электронды шылым түрі бірер жер ден табылды. Жасырын сатып тұрған орта жас шамасындағы келіншек үн-түнсіз 13, 14, 15 жастағы балалардың қолына темекіні ұстатып, ақшаны алаңсыз қалтасына салып алды. Бізді сатушының тым болмаса, баланың жасын да сұрамағаны таңқалдырды.

Осылайша, бұл шылым түрінің кез-келген адамға, тіпті балаға сатылып жатқанына анық көз жеткізіп, куә болдық. Балалар бұл затты табылса осындай жерлерден, болмаса онлайн тапсырыс арқылы алып жүргенін білдік. Бұдан соң дабыл қақпасқа амал қалмады. Өйткені, біз жасаған «эксперимент» қоғамның бүгінгі дертін ашып, мәселені айқындай түсті. Сыртқы формасы да көз тартатындай əсем безендірілген түтікше бір қараған адамға соншалықты қауіпті көрінбейді. Керісінше, қызықтырып, өзіне тартып тұрады. Əлі де ақыл ойы толмаған балаларды арбау себебі де осында болса керек…

Сатушының бәрі бірдей емес

«Балауса» ықшам ауданындағы «Тама» дүкенінің сатушысы Гүлжанай Қабделова электронды темекі түрін сұрап келетін балалардың барын жоққа шығармады. «Өзгелерден естіп жүрсем де, ол затты дүкеніме алдырған емеспін. Сатылымға шығарсам да, балалардың қолына бермес едім. Бұл ең алдымен əр сатушының ада ми қасиеттеріне байланысты болса, екіншіден балаларға темекі өнімін сатуға мүлде тыйым салынған» деді дүкен иесі. Иə, біз «сатушының бəрі Гүлжан апайдай болса ғой, шіркін» деп ойладық. Өзгенің бала сына жаны ашитын осындай адамдар жыл сай ын мыңдаған адамның, жас ұрпақтың темекінің салдарынан өмірден өтуіне жол бермес еді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, жыл сайын 65 мың бала темекі түтінінен қайтыс болады екен. Ал, біздің елімізде 2,8 миллион адам шылым шегеді.

«Тик-токтан» тараған

Жан-жақты зерттей келе электронды шылымның жастар арасына TikTok əлеуметтік желісі арқылы кеңінен тарағанын білдік. Өйткені, мұнда «одноразка» мен «вейп»-терді жарнама лайтын көптеген видео контенттержүктелген. Тіпті бейне жазбаларда оларда банан, алма, апельсин, құлпынай секілді жеміс-жидектердің дəмі бары айтылып, адамдарды өзіне тарта түседі екен. Оны үлкендер балаларының қолынан көп байқамауы да мүмкін. Себебі, түрлі-түсті маркер бояуларына да қатты ұқсайды. Міне, бүгінгі қоғам балаларының тик-токқа билегеніне мəз-мейрам болып жүргенде, оның осыншалықты баланы теріс əдетке əуестендіріп, санасы мен саулығын улап жатқанын біле ме екен? Осыдан соң, заманға ереміз деп баламыз дан айырылып қалмайық деген ой келді.

Заңнамамен тыйым салынбақ

Елімізде құрамында никотин бар өнімдердің техникалық регламентін бекіту жоспарланғаны туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған хабар жақсылықтың хабаршысындай болды. Себебі, техникалық регламент – құрамында ни котин бар өнімді Қазақстан аумағында қолдану, сақтау, тасымалдау, сату, таңбалау, жоюды реттейді. Бұйрыққа сəйкес, Қазақстан нарығына ашық түрде электронды тұтыну жүйелерін, ау ыстырылатын контейнерлер мен ашық түрдегі никотинді, сондай-ақ никотинсіз сұйықтық құюға арналған ыдыстарды шығаруға жол берілмейді.

i 2 1

Ең бастысы, «Қазақстан нарығына бір рет пай даланылатын электрондық темекі шығаруға жол берілмейді» делінген құжатта. 21 жасқа дейінгілерге электронды тұтыну жүйелері мен сұйықтықтар сатылмайтыны да тайға таңба басқандай жазылған. Ал, бұл тиісті құжат 15 қазанға дейін талқыланатын болады.

ТҮЙІН

«МЕКТЕП ІШІНДЕ БАЛАЛАР ШЫЛЫМ СЕКІЛДІ БІР НӘРСЕНІ ҚОЛДАНЫП ЖҮР. ОНЫ КІМ ӘКЕЛІП ЖҮРГЕНІН БІЛЕ АЛМАЙ ӘЛЕКПІН. ОСЫДАН ҰСТАП АЛАЙЫН…» ДЕП ТАНЫС МҰҒАЛІМ ӨЗАРА ӘҢГІМЕ БАРЫСЫНДА РЕНІШІН БІЛДІРГЕНДЕЙ БОЛДЫ. БАЛАҒА ТЕК БІЛІМ БЕРУМЕН ШЕКТЕЛМЕЙ, ОЛАРДЫҢ ЖҮРІС-ТҰРЫСЫН ДА ҚАДАҒАЛАП ОТЫРА ТЫН ОСЫНДАЙ ҚЫРАҒЫ ҰСТАЗДАРДЫ КӨРГЕНДЕ ІШТЕЙ ҚУАНЫП ҚАЛАСЫҢ. АЛАЙДА, БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ АЛДЫМЕН АТА-АНАСЫ ОТ БАСЫ ЖАУАПТЫ ЕКЕНІН ЕСТЕН ШЫҒАРМАҒАН АБЗАЛ. АТА-АНАСЫ БАЛАСЫНЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАДАҒАЛАЙТЫН БОЛСА, МҰНДАЙ ТЕРІС ӘДЕТТЕРДЕН БОЙЫН АУЛАҚ ҰСТАР ЕДІ. ОСЫНДАЙДА ЖАҺАНДАНУ ҮРДІСІНЕ «ЖҰТЫЛЫП» БАРА ЖАТҚАН ҚАЗАҚЫ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫНЫҢ БӘРІНЕН БИІК ЕКЕНІН ҰҒЫНАСЫҢ.  ӨЙТКЕНІ, БІЗДІҢ ДӘСТҮРІМІЗДЕ БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ – АТА АНАСЫ…

Мəлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button