Айбынды Атыраудан – айшықты Алматыға… (жолжазба)

izobrazhenie 2022 04 30 232824466 СарапTime

 ЕЛ МЕН ЕЛДІҢ, ДӘУІР МЕН ДӘУІРДІҢ АРАСЫН ЖАЛҒАЙТЫН ҰЛЫ ҚҰДІРЕТТІҢ АТЫ – ӨНЕР. АЛЫСТЫ ЖАҚЫНДАТАТЫН ДА, АҚИҚАТТЫ ТАНЫТАТЫН ДА, МӘҢГІ ӨЛМЕЙТІН ДЕ – СОЛ. МӘРТЕБЕЛІ ТЕАТР!.. ІЗГІЛІК ПЕН ЗҰЛЫМДЫҚТЫҢ, МАХАББАТ ПЕН САТҚЫНДЫҚТЫҢ, АДАЛДЫҚ ПЕН АЯРЛЫҚТЫҢ БІТПЕЙТІН ҚЫЗУ МАЙДАНЫ ЖҮРІП ЖАТАТЫН САХНА…

Осынау көрінбес майданның жанкешті жауынгерлері – актер халқы. Режиссердің жүрегі мен суретшінің қиялынан өткен, қалыпқа құйылған драматург дүниесі… Айбынды Атырау өнерінің қарашаңырағы – Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры өңірдің ғана емес, елдің де ең көне өнер ордасы саналады. Биыл ол өзінің сексен төртінші маусымын ашты. Сонау 1938 жылдың көктемінде Гурьев халық шығармашылығы кеңесінің шешімімен құрылған театрдың алғашқы қарлығаштары – Қ у а т Т ө л е к о в , Ш а ш т ы Жұмабекова, Айтжан Есенбаев, Оңай Жақсыбаев, Құрманғали Доғалақов, Əбіл Қизатов, Мария Тұралиева, Балым Есенбаева, Қайыржан Имашев, Меңдеш Есенбаевтар еді. Тұңғыш шымылдығын заңғар Əуезовтың «Түнгі сарынымен» ашқан театр бұл күнде академиялық ұжымға айналды. х х х Тарихы жалықпай толғағанға таңнан таңға кететін Махамбет театры өткен аптада Жайық б о й ы н а н а р у А л м а т ы ғ а гастрольдік сапарға барып келді.

Өнер керуенінің ұлт мəдениетінің рухани астанасына көш бағытын түзеуіне бірінші себеп – атыраулық театрдың соңғы жылдары қол жеткізген ж е т і с т і к т е р і м е н б ө л і с у , екіншісі – Мұхтар Əуезовтың 125 жылдығы аясында алаш ардақтысының рухына тағзым ету. «Əкемтеатр» сахнасындағы 2 0 – 2 4 с ə у і р а р а л ы ғ ы н а созылған сапар барысында театр репертуарындағы сом сүйекті туындылар алматылық көрерменнің көз қуанышына айналды. Қабырғасына талай ұлы тұлғалардың үні сіңген, сахнасында алыптардың ізі қалған М.Əуезов атындағы ұлттық қазақ драма театрында басталған өнер мерекесінің алғашқы күніненақ өнер жанашырлары мен белгілі тұлғалар, талғампаз көрерменнің қарасы көп болды. Атырау театрының Алматыдағы күндерінің ашылуына арналған салтанатты жиында қазақ өнерінің абызы Асанəлі Əшімов пен Алматы қалалық мəдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев, өнер көшін бастап барған Атырау облысы əкімінің орынбасары Нариман Таушовтар құттықтау лебіздерін білдірді. Театр қайраткерлері Есмұхан Обаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, жазушы Мереке Құлкенов, ақын, драматург Иран-Ғайып бастаған зиялылар бес күн бойы жүрген қойылымдардың тұрақты көрермені болды. Гастроль шымылдығын Тəкен Əлімқұловтың «Қараой» əңгімесінің негізінде жасалған «Қош бол, Қараой» реквиемі ашты. Жазушының классикалық туындысын сахнаға лайықтаған жəне режиссері – елге белгілі майталман шебер, театрдың көркемдік жетекшісі, Махамбет сыйлығының иегері Мұқанғали Томанов, суретшісі – Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Темірбек Мəжитов. Ұлт рухының дауылпазы, алдаспан ақын, ақберен батыр Махамбеттің соңғы күндері суреттелген пьеса көрерменін ойға бөледі. Қойылымды тамашалауға келген арнайы қонақтардың ішінде жазушының жары мен ұрпақтары болғанын да айта кету керек.

Сапардың екінші күні театр сыншылары мен журналистерге арналған баспасөз мəслихатымен басталды. Шығармашылық құрам кəсіби мамандардың сұрақтарына жауап беріп, өзіндік ой-пікірімен бөлісті. Əдетте, гастрольдік сапар атаулының негізгі мақсаттарының бірі – тəжірибе алмасу. Сұхбат барысында бұл бағыт та көзден таса қалған жоқ. Конференциядан кейін көрермен қауымға əлемдік к л а с с и к а н ы ң ж а у һ а р ы – Уильям Шекспирдің «Ричард ІІІ» қойылымы ұсынылды. Екі сағатқа созылған трагедиялық туындыны тамашалаған жанның қиялын сонау орта ғасырлық Еуропаға баурап əкетті. Сəтті декорация мен көз жауын алған алуан түсті костюмдердің əсері осындайда байқалады. Режиссер Жанат Телтаевтың «Ричарды» посткеңестік тораптағы театрлар арасында тұңғыш рет кейіпкеріне тарихи реабилитация жасауға талпынуымен тарихта қалмақ. Академиялық атағы бар театрға классикалық дүниелерді қоюдың маңызы зор. Онымен бірге режиссер де, актер де өсетінін ескерсек, Атырау театрының араға ұзақ жылдар салып, əлемдік классиканы сахналауын соны қадамға балар едік.

А л а т а у б а у р а й ы н д а ғ ы көрерменге ұсынылған тағы бір классикалық дүние – Антон Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуі». Қойылым режиссері – Мұқанғали Томанов, суретшісі – Тимур Коесов. ХХ ғасыр басындағы Ресей интеллигенциясының басынан өткен алмағайып заманды бейнелейтін даңқты шығарма күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Актер сұрыптауда, декорация мазмұнында режиссер мен суретшінің сəтті тандемі байқалған қойылымға қол соғушылар көп болды. Əлем балаларына кино, анимациялық жанрда кеңінен т а р а ғ а н А . Г а л л а н н ы ң «Аладдині» (реж. Г.Қамысбаева) 23 сəуір күні алматылық бүлдіршіндерге қатарынан үш сеанс беріп үлгерді. Аса қымбат талғаммен безендірілген сахна да, музыкалық əрлеу де пьесаға айрықша өң берді. Гүлназ Қамысбаеваның тағы бір сахналағаны Р.Киплингтің «Мауглиі» бірнеше жылдан бері атыраулық кішкене көрерменнің сүйіктісіне айналып еді. Жақында премьерасы өткен «Аладдин» де «Балалар жылындағы» Махамбет театрының қоржынына қосылған тоқ олжа болды. Ө н е р с а п а р ы н ы ң ш ы м ы л д ы ғ ы Р а х ы м ж а н Отарбаевтың «Жалғыздық» атты туындысымен жабылды.

Осыған дейін республикалық театрлар фестивалінде Бас жүлдеге ие болып, атағы алысқа кеткен шығарма камералық спектакль жанрына жатады. Актерлердің алған тынысына дейін сезінген көрерменін жіпсіз байлайтын ауыр психологиялық һəм пəлсапалық баян!.. Спектакль соңынан сахнаға көтерілген театр қайраткерлері Есмұхан Обаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, жазушы Мереке Құлкеновтер атыраулықтарға ізгі тілектерін арнады. Алматы қалалық əкімдігі мен М.Əуезов а т ы н д а ғ ы ұ л т т ы қ қ а з а қ драма театрының ұжымдары атыраулық театр жұлдыздарына ескерткіш сыйлықтар тарту еткен соң академиялық ұжым б а с ш ы с ы Б е р і к Ж ə м е н о в а л м а т ы л ы қ ə р і п т е с т е р г е қонақжай көңілі үшін алғыс айтты. Ə л е м д і а б д ы р а т қ а н пандемия дерті бар, түрлі саяси оқиғалар бар, соңғы екі көктем адамзатты ауыр депрессияға ұшыратқаны белгілі. Сондай қиын шақта өнер адамының ж а н ы н с а қ т а п , ш а б ы т беретін нəрсе – көрерменмен қауышу. Махамбет театры қиын кезеңдерде де сүйікті көрерменнен қол үзген жоқ. Телеспектакльдер мен түрлі р о л и к т е р а р қ ы л ы р у х а н и байланысты сақтап қалуға барын салды. Ал, осынау сапар барысында аталмыш өнер ұжымының тағы бір шаттанып, ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ с е р п і н алғандығында сөз жоқ. Бес күн бойы Əуезов театрының үлкен залында өнер көрсеткен үлкен ұжымның, режиссерлер мен суретшілердің, сахна қ ы з м е т к е р л е р і н і ң е ң б е г і ө л ш е у с і з . Б . З и н у л л и н , Ғ . Б и с е н о в а , А . Б а е т о в а , Н.Сьезхан, Г.Көшербаева, М.Макулов, Ə.Қабдешева, Г.Қайырлиева, Н.Аралбай, басқа да талантты актерлер Махамбет театрының, киелі өнердің намысын қорғады.

…СӘУІРДЕ АЛМАТЫ ЕРЕКШЕ СҰЛУ. ӘР ДАРАҒЫ ӘН САЛЫП ТҰРҒАНДАЙ ӘСЕРЛІ. АЛЫП ШЫҢДАРЫ МАНАУРАҒАН АЛАТАУ ҚАШАНҒЫСЫНДАЙ АЙБАТТЫ. ЖАҢБЫР ЖУҒАН КӨШЕЛЕРДЕН ЖАҢА ТІРШІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ. ҰЛЫСУДАН ЖЕТІСУҒА ЫРҒАЛЫП ЖЕТКЕН ӨНЕР КЕРУЕНІНІҢ БІР ЖҰМАЛЫҚ САПАРЫН ТАБИҒАТ-АНА ОСЫЛАЙ АЯЛАП ҚАРСЫ АЛДЫ. АРДАҚТАП ШЫҒАРЫП САЛДЫ…

Əлия ДƏУЛЕТБАЕВА, ақын, Махамбет сыйлығының иегері.

Атырау – Алматы – Атырау

Роза МОЛДАБАЕВА, көрермен:

– Ақ Жайықтан келген театрға өзіміздің алып Алатауымыздың бөктеріндегі Әуезов театрының шаңырағында кездескеніме қуаныштымын. Актерлер бізге қатты ұнады. Керемет! Король мен королева образын алып шығу үлкен жауапкершілік қой негізі…

Майсағали ШОТАЕВ, көрермен:

– Бүгін Отарбаевтың «Жалғыздық» спектаклінен өте жақсы әсермен қайтып барамын. Әркімнің жүрегінде жалғыздық бар. Басты роль түгілі массовкада жүрген, үнсіз жүрген актерлердің өнеріне шейін тәнті болдым. Ана роліндегі актриса қатты ұнады!..

Бекжан ТҰРЫС, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты:

– Атыраудың Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық драма театрының гастрольдік сапары бес күнге созылды. Одан біз не байқадық?.. Театр өнері – ұжымдық өнер. Актерлердің қойылымда киетін костюмдерін айтпағанда, сахнаға қажетті декорациялық жабдықтарды бір қаладан екінші қалаға жеткізудің өзі қандай машақат екенін сол салада аз айлыққа еңбек етіп келе жатқан өнердің нағыз жанкештілері түсінеді. Ол – басқа әңгіме. Осы өнердің жүгін алға сүйрейтін, қойылымның бағын ашатын, драматургтің айтпағын көрерменге жеткізуге атсалысатын ең алдымен, режиссер. Бұл жағынан, Махамбет театрының тасы өрге домалайтынына сенімдімін, өйткені мықты режиссерлер бар екен. Мұқанғали Томанов, Жанат Телтаев қойған спектакльдер – соның анық дәлелі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз