Жарнама
СарапTimeСаясат

Әділетті мемлекет құру батыл өзгерістерден басталады

Менің ойымша, референдум керек. «Екінші республика» құру үшін де мұндай жалпыхалықтық шара қажет. Себебі, əр өзгерісті халыққа түсіндіру арқылы Жаңа Қазақстан құруға ел болып атсалысуға мүмкіндік туады.

Шындығы сол, бүгінде билік пен халықтың арасы ажырап кетті. Коррупция, ұрлық, өтірік, əділетсіздік əлеуметтік салада да, саяси салада да, экономикада да байқалады. Бұл халық үшін «ауруға» айналды. Біз 30 жыл бойына көзімізді жұмып, үндемей келгенімізді мойындаймыз. Өзімізді, баламызды қорғап үндемедік, батылымыз жетпеді. Ал, қазір əділетті мемлекет құру үшін көп нəрсені өзгертуіміз керек. Жаңа мемлекет құру негізгі мəселе болғандықтан, сол бастаманы жүзеге асыру үшін халық шоғырлануы тиіс. Бəріміздің ойымыз бірдей: «Болашақ Қазақстан қандай болмақ?» Саяси ахуал, экономикалық қиындықтар, өзге де сын-қатерлер бар қазір. Осылардың барлығынан шығатын жол – біртұтас мемлекет болу. Түрлі этнос өкілдерінің де осы мүддеде болғаны жөн. Басымызға іс түсіп, қиындыққа кезіккен сəтте бірге жұмылсақ қана нəтижеге жетеміз. Тағы бір мəселе – тіл тақырыбы. Осы бағытта да бір арнаға тоғысу – ортақ талап. Дін де өзекті. Кешегі қаңтар оқиғасы ел ішінде көптеген проблемалар бар екенін айқын көрсетті. Бұл жерде ұлт, тəрбие мəселесі де бар. Баланы 5 жасқа дейін қазақ тілінде оқытып, тəрбиелеу керек. Қазіргі адамдардың ойлау қабілетінің өзі орысша болып кетті. Құжаттар, заң да алдымен орысша жазылып, қазақшаға аударылады. Ол кезде мағынасы өзгеріп кететінін ескере бермейміз. «Орыс тілі қатар жүруі керек» деген қате ұғым. Сондықтан, референдум керек, ол сөзсіз. Бұл саяси шараға қатысып, «иə» немесе «жоқ» деген таңдау жасау халықтың ішінде тұнып тұрған көптеген мəселелердің оң шешілуіне ықпал етеді.

Конституцияда Президенттік өкілет туралы нақты айтылғанымен, сол орындалмай келді. Президент барлығын өзіне алып, Үкіметтің атқарушы орган ретінде халықтың, мемлекеттің алдында да ешқандай жауапкершілігі болған жоқ. Өкілетті мемлекет заң шығарумен айналысып, заңды Парламентке береді. Сенатта қаралып, талқыланады да, Мəжіліске береді. Ендігі жерде Сенат функциясынан заңды қарауды алып тастап, тек бекіту туралы ғана қалдырып отыр. Демек, Президент пен атқарушы билік арасындағы ара жік айырылады. Сондықтан, мемлекет басшысы қойып отырған мəселе өте үлкен. Президент саяси, стратегиялық мəселелермен айналысуы керек. Мемлекет оны атқаруға жауапты болуына өкілеттік береді. Жалпы түйіні халықтың шешім қабылдауына жағдай жасалып отыр. Мəселен, атом электр станциясы салына ма, жоқ па, оны да халықтан сұрап, шешім қабылдануы керек.

Тағы бір мәселе, салық салынатын база деген бар. Ал, мемлекеттің қаржысы салықтан құралады. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң бар, соның аясында тағайындалған, сайланған əкім сауатты болуы керек. Қаржыны мақсатты игеруі маңызды. Əкім халық арасында болуы тиіс. Жергілікті мəселені толық білетін, сол жерде тұратын адам сайланса, нəтиже болады.

Мемлекет – халық үшін. Халық өз елінде тұрып, өз елін мақтан тұтуы керек. Ол үшін əр азаматтың жағдайы жақсы болуы керек. Ең бастысы – осыны шешу. Адамның санасын көтеретін де осы критерийлер.

Қазақстан біреу жəне ол тек бізге керек. Сондықтан, жұмылуымыз керек. Жастар мəселесіне мəн беруіміз дұрыс. Өйткені, болашақ – солардың қолында. Алайда, қазіргі жастар арасында «жайын» жастағы, ұйымдаспағандар да көп. Бізден тəлім алған сауатты, белсенді жастар қазір билікке келіп жатыр. Олардан кейін де белсенді жастар шығып келеді. Одан кейін де жалынды, жігерлі жастар еруі керек. Осы үрдіс үзілмеуі тиіс. Ал, жұмыста жоқ, оқымайтын жастарды қалай қамти аламыз? Аш болса, сайлауға бармайтынын ұмытпайық. Барлық əңгіменің түп тамыры халықтың əл[1]ауқатына келіп тіреледі.

Кеңес ҚОСЫБАЕВ, мемлекеттік қызмет саласының ардагері

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button