Атыраулық десантшы таңқаларлық әңгімесімен бөлісті

img 20220526 wa0027 СарапTime

БАЛА КЕЗІМІЗДЕ ДЕСАНТШЫ САРБАЗДАР ТУРАЛЫ АҢЫЗҒА БЕРГІСІЗ ӘҢГІМЕЛЕРДІ ЖИІ ЕСТУШІ ЕДІК. ОЛАРДЫ КИНОДА ДА ЖАУДЫҢ ТУЫН ЖЫҒЫП, ЕРЕКШЕ БАТЫРЛЫҚ ТАНЫТАТЫН ӘСКЕРИ МАМАН РЕТІНДЕ КӨРСЕТЕТІН. ҚАРСЫЛАС ТЫЛЫНДА СОҒЫС ҚИМЫЛДАРЫН ЖҮРГІЗУ ҮШІН ДАЙЫНДАЛҒАН НЕМЕСЕ СОЛ ТЫЛҒА ТҮСІРІЛЕТІН ӘСКЕРЛЕРДІ – ДЕСАНТШЫЛАР ДЕП АТАЙДЫ. ҚЫРАН ҚҰС САМҒАЙТЫН БИІКТІКТЕН ҚҰЛДИЛАЙ ТҮСЕТІН ЖАУЫНГЕРЛЕР ЖҮРЕК ЖҰТҚАН БАТЫР АДАМДАР. ОБЛЫСТА ОСЫ ӘСКЕР ҚАТАРЫНДА ҚЫЗМЕТ АТҚАРҒАН АЗАМАТТАР ЖЕТЕРЛІК. СОЛАРДЫҢ БІРІ – ИСАТАЙЛЫҚ САЯН НЕТАЛИЕВ. ӘСКЕРДЕН КЕЛГЕН СОҢ ДА, ӨМІРІН ӘСКЕРИ САЛАМЕН БАЙЛАНЫСТЫРҒАН ЖАУЫНГЕРМЕН ҚАУЫРТ ҚЫЗМЕТІ АРАСЫНДА СҰХБАТТАСҚАН ЕДІК.

– Саян Шегенұлы, өзіңізді десантшы қызметін атқарған білікті азамат ретінде білеміз. Əңгімемізді туған жеріңіз, өскен ортаңыз туралы айтудан бастасаңыз?

– Мен Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданы мен облыстың үш ауданымен шекаралас жатқан Исатай ауданының тумасымын. Қазақтың батыр ұлы Исатайдың атын иемденген ауданға қарасты Тұщықұдық ауылында балалық шағым өтті. «…Тағдырдың бүргеніне бұға түсу – Тегінде, дені дұрыс адамға жат!…» деп жырлаған белгілі ақын, шежіреші-зерттеуші Мақсұт Неталиевтің немересімін. Өмірлік жолдасымды əскери қызметте жүріп, жолықтырдым. Ж о л д а с ы м К і ш і ө н е р академиясын, екі жоғары оқу орнын тəмамдаған маман. Бүгінде бір ұл, бір қыз тəрбиелеп отырмыз.

 – Бала кезіңізде əскери қызметке қызығушылығыңыз болды ма? Қазіргі кейбір жастар əскери қызмет атқарғаннан гөрі, мол табыс табатын, ақшалы қызметке қызығады. Сіздің бұл жағдайға пікіріңіз қандай?

 – Мектеп кезінде əскери қызмет атқарамын деген ой болған жоқ. Мектепте өтетін алғашқы əскери дайындық пəні көп нəрсеге бейімдейтін. Тіпті, «əскери қызметкер боламын» деген жастарға бастапқы негізді қалыптастыратын да осы пəн еді. Ұстаздарымыз əскерипатриоттық тəрбиені бойымызға сіңіріп, саптық дайындық, қаружарақ түрлерімен таныстырып, оларды қолдана білу техникасын үйретті. Мұғалімдер бастарынан өткерген қызықты əңгімелерін айтып, үлкен əсерлерімен бөлісетін. Сондықтан да алғашқы əскери дайындық пəніне қатысуға асығатынбыз. Ал, енді жастар туралы айтсам, «қай салада болса да білім алып, еңбек етемін» деген пікірлері дұрыс та шығар. Бірақ, Отанды қорғау, ең алдымен осы елдің əрбір азаматының бұлжымас міндеті деп санаймын. Біздің қазіргі тəуелсіз еліміздің маңдайына бұйырған кең байтақ даланы атабабаларымыз жан-тəнімен қ о р ғ а п , б і з д е р г е а м а н а т етіп қалдырып кетті. Оның үстіне бүгінгідей геосаяси ш и е л е н і с т е р д і ң т ұ с ы н д а жастардың Отанға қызмет етіп, қорған болуы кезек күттірмейтін міндет деп білемін. Сондықтан жастардың əскери қызмет қатарына көбірек тартылуын қолдаймын.

– Əскерде қай жылдары болдыңыз, десантшы қатарына қалай қабылдандыңыз, іріктеуден қалай өттіңіз? Əскердегі көрген-білген, ойға түйгеніңізбен бөліссеңіз?

– 2010 жылы Қапшағай қ а л а с ы н д а ғ ы Р е с п у б л и к а Қарулы Күштерінің Аэроұтқыр ə с к е р л е р і н і ң « Қ а з Б а т » бітімгершілік батальонының д е с а н т т ы қ ш а б у ы л д а у ш ы ротасына қабылданып, əскери қызметімді өтедім. Əскерге іріктеу кезінде дəрігерлік сараптамадан өттім. Мұнда бойымның ұзындығы мен денсаулығымның мықтылығы ескерілсе керек. Оның үстіне спортпен шұғылданатынмын. О с ы л а й ш а , к ө п ұ з а м а й десантшылардың қатарынан табылдым. Б ү г і н д е е л і м і з д і ң қ а й т ү к п і р і н д е б о л м а с ы н , əскеріміздің жағдайы едəуір жақсарған. Сарбаздар киер киіммен, ішер тамақпен толық қамтылған. Əскерде қызмет етіп жүрген кезде «Дала қыраны – 2011» тактикалық-арнайы бітімгерлік оқу-жаттығуларына қатыстық. Ұлыбритания жəне А Қ Ш қ а р у л ы к ү ш т е р і н і ң ə с к е р и қ ы з м е т ш і л е р і м е н қатар, Литва жəне Қырғыз Республикаларының жауынгерлерімен тəжірибе алмастық. М ұ н ы ң б ə р і с а р б а з д а р ғ а ə с к е р и р у х б е р е т і н д і г і с ө з с і з . Ə с к е р и қ ы з м е т т е жүргенде əрбір десантшыға тəн дүние – парашютпен секіру. МИ-8 тікұшағынан парашютпен секіріп, бойдағы қорқынышымызды жеңе білдік. Десантшы болу үшін үлкен жүректілікпен қатар, тынымсыз тер төгу жəне төзім керек. Биыл туған інім де «Қазбат» бітімгершілік батальонында əскери қызметін атқарып келді. Бұл батальонның офицерлері мен келісім-шарт негізінде қызмет етіп жатқан əскери мамандар Ирак, Ауғанстан секілді шиеленіс болып жатқан елдерге барып, бітімгершілік қызметін атқарады.

– Қазіргі қызметіңіз туралы айтсаңыз, əскери саланы таңдаған жастарға айтар ақылыңыз?

– Əскерден келгеннен кейін əскери қызметке тұру жайлы шешім қабылдадым. Қазіргі уақытта «Атырау қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасы» РММне қарасты мемлекеттік қызмет көрсету бөлімшесінің бастығы лауазымын атқарамын. Халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесе жұмыс істейміз. «Egov» ақпараттық порталы арқылы келіп түскен арыз, өтініштерге уақытылы жауап береміз. «Отан – отбасыдан басталады» деген сөз бар ғой, сондықтан əр отбасында тəрбиеленіп жатқан жас буынға ата-ана тарапынан елдік, отаншылдық туралы тəрбие беру жүйелі түрде жалғасып отыруы керек. Басты мақсат та сол болуы тиіс.

Сұхбаттасқан Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

img 20220526 wa0026
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз