СарапTimeЭкономика

«Сапар орталығындағы» құрылыс қарқыны қалай?

Өз дəуірінде Қасым хан билеген Қазақ хандығының астанасы – Сарайшық қаласын үлкен өзгерістер күтіп тұр. Міне, сəті түсіп Сарайшыққа да табанымыз тиді.

Б і з б а р ғ а н д а б і р д е н к ө з г е түскені – «Сапар орталығындағы» құрылысшылардың қарқынды жұмысы. Облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы Нұрлыбек Сақпаров пен «Сарайшық» музей-қорығының директоры Əбілсейіт Мұқтар да қайнаған жұмыстың ортасында жүр.

– Сапар орталығына 2 гектар жер бөлінді. Жобаға сəйкес орталық туристер мен келушілер үшін барлық жағдайы жасалған толық кешен болмақ. Мұндағы жұмыстың 70 пайызы жасалды. Қазір ішкі сылақ, əрлеу жəне инженерлік желілерді қосу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, су, электр, кешенді қоршау жұмыстарына тендерлік ресімдер жүргізілуде. Нысан жылдың аяғына дейін пайдалануға беріліп қалар, — деді бөлім басшысы.

Негізінде, кешен биыл тамыз айында пайдалануға тапсырылуы тиіс болған. Бірақ, тарихшы-ғалымдардың тарапынан ұсыныстар енгізіліп, жобаға бірнеше рет өзгеріс енгізіледі.

– Олар «Сапар орталығының» жобасына қатысты сын-пікірлер айтып, нысанның қасбетін өзгерту жөнінде ұсыныс айтты. Өйткені, ол шынында да орта ғасырлық стильге сай келмейтін еді. «Туристер орталыққа келгенде Алтын Орда, Ноғай Ордасы, Қазақ хандығының астанасы болған орта ғасырлық Сарайшықтың көрінісі болу керек. Сондықтан, ХІV-ХV ғасырдағы шығыстық қала сəулетіне тəн ғимарат болғаны жөн» деген ортақ тоқтамға келдік. Осы ұсынысымызды Махамбет ауданының əкімдігі де қолдап, алғашқы қалалық дəстүрге лайықтап, ғимараттың сызбасы жасалды, — деп түсіндірді мекеме директоры, ғалым Ə.Мұқтар.

Өзгеріс енгізілген ғимаратқа кіріп, оң қанаттағы конференц-залға бас сұқтық. Мұнда соңғы үлгідегі төбе жабындысын қондырып жатыр екен. Мердігерлік етуші «Ас-Құрылыс» ЖШС-нің учаске бастығы Əділжан Ботанқұл құрылыстың сызбаға сай жүріп жатқанын айтты.

– Б і з ө з і м і з ге т ап с ы р ы л ғ а н міндеттің маңызды екенін түсінеміз. Оны құрылысшылар да жақсы сезініп отыр. Құрылысқа қажетті материалдың 80 пайызы отандық өндіріс орындарынан əкелінген, қалғаны Ресей мен Германиядан жеткізілді. Біздер ең сапалы материалдарды пайдаланып жатырмыз, — деп, ол кешен ғимаратының басқа да бөлмелерімен таныстырды.

Маманның айтуынша, қос қабатты ғимараттың төменгі қабатында экспозициялық көрме залдары, қор қоймасы, археологиялық жəне қайта қалпына келтіру лабораториясы,100-150 орындық конференц-зал, кітапхана орналасқан. Ал, жұмыс бөлмелері үстіңгі қабатта болады екен. Сонымен қатар, кешенде туристерге арналған екі қабатты қонақ үй əкімшілік ғимаратына жалғап салынғанын көрдік. Оның бірінші қ а б ат ы а сха н а , е к і н ш і қ а б ат ы барлығы 10 орындық жатын бөлмеден тұрады. Мұнда мүмкіндігі шектеулі адамдардың да еркін жүріп-тұруына жағдай жасалмақ. Кешен аумағында лекция өтетін алаңдар, ашық аспан астындағы музей мен этноауыл болады деп жоспарланған. Расында, мыңжылдық тарихымызды түгендеп, өткенді өшірмеуге бағытталған жобаның маңызы зор. Облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы Нұрлыбек Сақпаров Сарайшыққа келушілерге заманға сай қонақжайлылық көрсету үшін барлық жағдай жасалғанын айтады. Ал, «Сарайшық» музей-қорығының директоры Əбілсейіт Мұқтар «Сапар орталығын» музейлендіру жұмыстары қ ұ р ы л ы с п е н қ ат а р ж ү р г і з і л і п жатқанын айтты.

– Біз үлкен экспозициялық залды жəне қасындағы шағын бөлмелерді ұтымды пайдаланып, Сарайшықтың кезеңдеріне байланыстырып, 6 залға бөлдік. Атап айтқанда, палеонтология жəне сақ-сармат заманына арналған зал, Алтын орда кезеңі, Қазақ хандығы кезеңі, Ноғай Ордасы кезеңі, медиа зал, Сарайшықтың күйреуі мен қайта жаңғыруына арналған зал. Ал, кешенге кіреберістен бастап ақпараттық стендтер, кіру карта-схемасы жəне музей тарихы ілінеді. Ресепшн, киім ілгіш, күту аймағы болады, — дейді жоспарымен бөліскен Əбілсейіт Қапизұлы.

О н ы ң а й т у ы н ш а , м у з е й экспозициясының тұжырымдамасы толық жасақталып, министрліктен қолдау т апқан. Ре спублика лық б юд же т т е н « С а р а й ш ы қ » с ап а р орталығының музейін экспозициялау жұмыстарына бөлінген 100 миллион теңгені өз мақсатына жұмсау үшін қазір мемлекеттік сатып алу порталына орналастырылып, ашық конкурс жарияланыпты. Мамандар «Сапар орталығының» сыртқы жəне ішкі туризмнің дамуына, тек қана Сарайшық емес, Атырау облысының даму бағытына зор септігін тигізетініне сенімді.

Осы сапарымызда біз де Хан ордалы Сарайшықтың қайта түлеп, батыс өңірінің туризміне даңғыл жол ашатынын және еліміз үшін табыс көзі ғана емес, тарихымыздың әлемге насихатталатын күннің жақын екенін сезініп қайттық.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Махамбет ауданы

«Атырау өңірінде қастерлі əрі тарихи орындар көп. Соның бірі – ежелгі Сарайшық қаласы бой көтерген жер. Алтын Орда дəуірінде маңызды роль атқарған шаһардың Қазақстан аумағында орналасуы тегін емес. Бұл төл тарихымыздың тамыры терең екенін көрсетеді. Біздің бабаларымыз қала салып, жаңа мəдениетке жол ашқан. Əйгілі Сарайшық – соның айқын дəлелі. Мұнда Алтын Орда дəуірінің хандары жəне қазақтың ұлы ханы Қасым хан жерленгені белгілі. Жалпы, ұлан-байтақ жеріміздегі көне шаһарларды, мемлекеттігіміздің тарихында айрықша орны бар Алтын Орданы жан-жақты зерттеп, ғылыми-ақпараттық жұмыстарды жүйелі жүргізу керек. Сол арқылы елдік шежіремізді кеңінен таныта аламыз. Осыны жас ұрпақтың санасына сіңіруіміз керек».

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ Атырау облысының əлеуметтік-экономикалық даму мəселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінен. 22 сəуір, 2021 жыл.

«САРАЙШЫҚ – САПАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» НЕГІЗГІ КӨРМЕ ЗАЛДАРЫ:

1-зал Палеонтология және сақ-сармат заманына арналған;

2-зал Алтын орда кезеңі;

3-зал Қазақ хандығы кезеңі;

4-зал Ноғай ордасы кезеңі;

5-зал Медиа-зал;

6-зал Сарайшықтың күйреуі мен қайта жаңғыруына арналған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button