Жарнама
СарапTimeСаясат

ЭКСКЛЮЗИВ: Президент болуға кім лайық?

БИЫЛҒЫ 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫНДА РЕСПУБЛИКА ПРЕЗИДЕНТІ ОСЫ КҮЗДЕ КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУ ӨТКІЗУДІ ҰСЫНЫП, ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРУ ЖОЛЫНДА ТҮБЕГЕЙЛІ ЖӘНЕ ЖАН-ЖАҚТЫ РЕФОРМАЛАРДЫ ТАБЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ХАЛЫҚТЫҢ ЖАҢА СЕНІМ МАНДАТЫ ҚАЖЕТ ЕКЕНІН АТАП ӨТТІ. СОНДАЙ-АҚ, КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ МЕН ЖЕРГІЛІКТІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ САЙЛАУЫ ӨТПЕК. ЕЛІМІЗДІҢ САЯСИ ӨМІРІНДЕГІ СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРҒА ҚАТЫСТЫ БІЗ БЕЛГІЛІ САЯСАТТАНУШЫ ҒАЗИЗ ӘБІШЕВТІҢ ПІКІРІН АРНАЙЫ СҰРАҒАН ЕДІК.

– Бұл жолғы Жолдау Сіз үшін несімен ерекше?

– «Мен үшін мемлекет мүддесі бəрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға жəне кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын» деген болатын Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі халыққа Жолдауында. Рас, Президентті бір рет қана жеті жыл мерзімге сайлау жөніндегі ұсыныс көңілімнен шықты деуге болады. Өйткені, Президенттің өзі атап көрсеткендей, бір жағынан, 7 жыл – кез-келген ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру үшін жеткілікті. Ал, екіншіден, Президент мандатын бір мерзіммен шектеу мемлекет басшысының жалпыұлттық дамудың стратегиялық міндеттерін шешуге барынша жұмылуын қамтамасыз етеді. Бұл ұсынысты Парламент қабыл алса, заңға тиісті өзгерістер сайлаудан кейін енгізіледі. Соған байланысты, «қазіргі мемлекет басшысы сайлауда көп дауыс жинаса, бұған дейінгі ел басқарып келген екі жылы санала ма, жоқ па?» деген сұрақ туындайды. Егер саналса, онда ол небəрі бес жыл басқарады деген сөз. Мұны нақты заң шығарушы органдар немесе Конституциялық сот шешуі мүмкін. Ал, өзгерістер сайлауға дейін енгізілсе, онда Қасым-Жомарт Кемелұлы жеңіске жеткен жағдайда мемлекетті жеті жыл басқаратыны анық.

– Ендеше, өзгерістер нақты қашан енгізілуі мүмкін?

– Президент немесе депутаттардың кейбірі өзгертілетін заң жобасын Мəжілістің, болмаса, арнайы құрылған жұмыс тобының қарауына сайлауға дейін енгізсе, онда жуық арада нақты мерзімін біле аламыз. Егер сайлаудан кейін енгізсе, амал жоқ, тек желтоқсан, қаңтар айларында ғана белгілі болмақ. Президент Тоқаев тіршілік тоқтамайтынын, жаһандық үдерістер мен ел ішіндегі қоғамдық дамудың қарқыны күн өткен сайын артып келе жатқанын атап көрсетті. Ендеше, мұндай уақыттың өзі туғызып отырған жаңашылдықтар біз үшін аса қажет.

– Сіздіңше, Президенттің сайлауды ертерек өткізуге ұсыныс жасауының сыры неде?

– «Мен ұсынып отырған конституциялық жаңалық билікті монополизациялау қаупін айтарлықтай азайтады. Дəл осы себепті, мен Президентті бір мерзімге ғана сайлау нормасын енгізуді ұсынып отырмын. Біз билікті жасақтаудың жəне оның қызметін қамтамасыз етудің өркениетті қағидаттарын бекітуге тиіспіз» деді мемлекет басшысы. Бұл біз үшін жаңалық болғанымен, мəселен, британдықтар үшін жаңалық емес. Себебі, онда кез келген уақытта Парламент сайлауын өткізе береді. Яғни, халықаралық экономикалық дағдарыс, əлеуметтік шиеленіс, саяси реформаларға деген сенімсіздік, басқа да проблемалар ел өміріне өзгеріс енгізуді талап етеді. Халықаралық тəжірибеге сүйенсек, АҚШ-та кезектен тыс сайлауға тыйым салынған. Ресейде де сайлау уақытында өтеді. Ал, біздің Ата Заңда бұған мүмкіндік берілген. Себебі, ел басына ертең қандай күн туатынын ешкім болжай алмайды. Яғни, қандай жағдайға да дайын болу керек. Сондықтан, кезектен тыс сайлау өткізу мүмкіндігі қарастырылған. Екіншіден, қазіргі Президенттің жұмысын жоққа шығарғысы келетін аса мол дəулеттің иелері де жоқ емес. Сайлауға олар да алдын ала қамданады. Мəселен, президенттікке үміткерлерді қаржыландырып, олардың сайлауалды бағдарламасын халық арасында максималды түрде насихаттауға күш салатыны айдан анық.

– Президент бастамаларын өзіңіз қолдайсыз ба?

– Қазіргі мемлекет басшысы 2019 жылдың маусымынан бері біраз тəжірибе жинады. Себебі, ол ел басқарған уақытта тек біздің елімізде ғана емес, бүкіл əлемде сан түрі саяси оқиғалар орын алды. Ел ішінде де ешкім күтпеген қиындықтар болды. Бірақ, ең бастысы, соның барлығын Президент жанына жиылған халықпен бірге жеңе білді. Азаматтарымыз арам пиғылдылардың айтағына ерген жоқ. Нəтиже сінде, ата-баба қанымен, батырлардың жанымен келген Тəуелсіздігіміздің шайқалуына жол берілмеді. Жасыратыны жоқ, бұрын билеуші партияның Парламентке белгілі бір ықпалы болғанын мойындау керек. Ал, енді бəрі басқаша. Тіпті, мемлекет басшысының өзі енді ешбір партияны басқармайды. Яғни, ол тек өзінің күшіне жəне өзіне зор сенім артатын халқына ғана сенеді.

– Мәселен, қазіргі Президент сайлауда жеңіске жетті дейік. Ол жеті жыл ел басқарғаннан кейін заңға өзгеріс енгізіп, тағы бір мерзімге қалуы мүмкін бе?

– Егер елде көппартиялы сайлау өтіп, Парламентте 5-6, тіпті 10 партиялық жүйе қалыптасса, азаматтық қоғам дами түседі. Нəтижесінде, авторитаризм элементтері түбегейлі жойылады. Ал, ондай жағдайда президенттік мандатты ұзарту жөнінде əңгіме де болмайды. Өйткені, халық оған жол бермейді. Бүгінде елімізде нақты 12 миллион белсенді сайлаушы бар екені анық. Бірақ, олардың арасында жас жəне басқа да əлеуметтік айырмашылықтар бар екенін ескеру керек. Сондықтан, сайлаудың тиісті деңгейде жəне əділ өтуі сайлаушылардың өзіне ғана бай[1]ланысты. Ендеше, аға буын өкілдері секілді жастар да белсенділік танытып, елдің ертеңі үшін маңызды саяси науқанға түгелдей қатысуы қажет. Президенттің өзі айтқандай, жаңа президенттік жүйе саяси тұрақтылықты нығайтып, қоғамдық құрылыстың қазақстандық үлгісін орнықтырады. Яғни, Отанымызда жаңа саяси дəуір басталады деген сөз.

– Ал, дүниеге келетін әр сәбидің есепшотына Ұлттық қордан ақша аудару жніндегі ұсыныс қаншалықты тиімді?

– Бұл бастаманың нəтижесін тек жиырма жылдан соң, яғни 2042 жылы ғана көруге болады. Бұл уақытта əлгі балалар 18 жасқа толады. Сондықтан алдын ала болжам айтуға əлі ерте.

– Салиқалы сұхбат бергеніңізге рахмет!

Əңгімелескен: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button