Әлеуметтік көмек – мұқтажға ғана!

  Енді Үкіметке алақан жайып, арқа сүйеу артта қалады. 2018 жылдан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмек берудің тәртібі өзгереді. Бұл жөнінде Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Көңілқос ОРЫСБАЕВПЕН әңгімелескен болатынбыз.

– Көңілқос Керейұлы, «мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау мұқтаж азаматтарға ғана көрсетіледі» деп жатыр. Осыған кеңірек тоқталып өтсеңіз?

– Бұл Елбасының халыққа Жолдауында да, кейін Ұлт жоспарының 84-ші қадамында «Әлеуметтік көмекті оның атаулылығын күшейте отырып оңтайландыру» мәселесі ретінде көрініс тапқан еді. Оңтайландыру әлеуметтік көмекті мемлекет тарапынан қолдауға мұқтаж азаматтарға ғана көрсетуді көздейді. Аталған реформаны іске асыру бағытында өткен жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. Заң 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Сәйкесінше, жергілікті бюджеттен төленіп отырған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек түрлері мен республикалық қазынадан бөлінетін мемлекеттік жәрдемақылар 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтатылып, жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленетін болады. Ондағы мақсат – аз қамтылған отбасылардағы еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамту, шағын, жеке кәсіппен айналысушылар санын көбейту, жеке шаруашылықты дамыту арқылы кедейлік деңгейінен шығуға ықпал ету. Ең бастысы, әлеуметтік масылдық пиғылдың таралуына тосқауыл қою.

Сұхбаттасқан: Рита ӨТЕУҒАЛИ.

Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз