Жарнама
Сайлау

«Жұлдыздықтардың» белсенділігі қуантады

«Жұлдыз» шағынауданындағы №39 мектепте орналасқан №252 сайлау учаскесінде сайлау қызып жатыр. Таңмен таласып сайлау учаскесіне жеткен дауыс берушілер бір-бірімен амандасып, елдің болашағы үшін дауыс беріп жатқандарын айтты. Сайлау учаскесі төрағасының хатшысы Арайлым Салтанованың айтуынша, сайлау учаскесінде 1998 сайлаушы тіркелген. Осы уақытқа дейін саяси науқанға қатысып, азаматтық ұстанымын танытқан 251 сайлаушы дауыс беріп үлгерді.
– Сайлаушылардың белсенділігі қуантады. Барлығы ойдағыдай өтіп жатыр. Сайлау процесіне кедергі болатындай жағдайлар орын алған жоқ. Сайлау учаскесінде 3 сенімді өкіл, 5 байқаушы қатысып жатыр, — деді сайлау учаскесінің төрағасы Аманжол Әбуғалиев.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button