Бесіктіде 675 сайлаушы тіркелген

besikti sailau Сайлау

Қайыршақты ауылдық округі, Бесікті ауылының тұрғындары да сайлауда белсенділік танытып жатыр. Бесікті мектеп-интернатының ғимаратында орналасқан №65 сайлау учаскесінде 675 сайлаушы тіркелген. Оның 25-і үйінен дауыс берген. Таңертең дауыс беруге келгендердің бірі – Сәуле Сарбалиева. Азаматтық пікірін еркін жеткізіп, белсенділік танытып жүретін ақжаулықты ана бұл жолы да дәстүрден жаңылмаған. Сайлау учаскесінің төрағасы Лида Көшенованың айтуынша, сайлау басталғалы 250-ден астам адам дауыс беріп үлгерген.
– Бұл сайлауда басқа сайлау науқандарымен салыстырғанда дауыс берушілер қатары көп. Қиын соғып жатқан да тұстары бар. Өйткені 5 бюллетень. Кабинаға кірген әр адам дұрыс жауап беру үшін көп ойланып тұрғандығы да сондықтан. Сондай-ақ, бұрынғы сайлаумен салыстырғанда сенімді өкілдер мен байқаушылардың қатары да көп екендігін көріп отырмыз. Қазірдің өзінде сайлау учаскесінде 13 сенімді өкіл мен байқаушы қатысып отыр, – деді Лида Көшенова.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз