Жарнама
Сайлау

Жетісудағы жарқын жүздесу

«Respublica» партиясының өкілдері үгіт-насихат басталғалы бері 5 мыңнан астам сайлаушымен кездесті. Жақында партия жетекшілері мен депутаттыққа кандидаттар Жетісу өңіріне барды.

Сапар барысында республикалықтар облыстағы бірқатар елді мекен мен Талдықорған қаласында болды. Форум жұмысына партия төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Айдарбек Қожаназаров және тең төрағасы Сырымбек Тау, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Олжас Құспеков, Қырмызы Жандосова, Бақытбек Хамит, Екатерина Смолякова, Динара Наумова және Олжас Болатбекұлы қатысты. Жиында партия мүшелері, жергілікті кәсіпорындардың жұмысшылары, азаматтар мен қоғам белсенділері еліміздің дамуы мен өркендеуіне қатысты ой-пікірлерін ортаға салды, ұсыныстарын да жеткізді.

– Біз мемлекеттік қызметте жұмыс істеген жоқпыз, тендерлерге қатыспадық, бірақ мыңдаған адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, халқымыздың игілігі үшін еңбек еттік. Енді қарапайым азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейімен қамтамасыз ету үшін халықтың мүддесін қорғауға, әділдік үшін күресуге дайынбыз. Біздің басты байлығымыз – Қазақстанның сауатты, тәуелсіз және қайсар халқы, – деді партия жетекшісі Айдарбек Қожаназаров.

«Жақтастар» форумында сөйлеген сөзінде «Respublica» партиясының тең төрағасы, Мәжіліс депутаттығына кандидат Динара Шүкіжанова партия атынан жастарға үндеу тастады.

– Біз елдегі жастардың даму болашағы жарқын болғанын қалаймыз. Олар елімізді көркейту үшін елге қызмет етуге тиіс. Жастар – еліміздің болашағы. Қазір араларыңда қыздар да көп. Өзім ірі машина жасау кәсіпорнын басқарамын және мен билікте әйелдердің барынша көп болғанын қолдаймын, – деді Д.Шүкіжанова.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаттығына кандидат Қырмызы Жандосова бұқаралық спортты дамыту қажеттігін айтты. Сондықтан қазіргі уақытта оның жүйелілігін қамтамасыз ету қажет, қаржыландыру қалалар мен ауылдарда бірдей болуы керек. «Спорттық нысандар көп әрі барлығына қолжетімді болуы маңызды. Сонда ғана бұқаралық спорттың дамуынан нәтиже күтуге болады», деп атап өтті Қ.Жандосова.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button