Жарнама
Сайлау

Жаңа депутаттар сайланды

Құрманғазы мен Исатай аудандарында мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнынан жаңа депутаттар сайланды.

   Сайлау қорытындысымен №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Құрманғазы аудандық мәслихаттың депутаты болып 1988 жылы туған, «Құрманғазы Су Арнасы» ЖШС-ның директоры, Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылының тұрғыны Ерлан Аманжанұлы 804  дауыс жинап, басқалардан басым түсті. Ал,  Ж.А. Амирагалиев үшін сайлаушылардың 349 дауысы берілсе, Н.Б. Бисенова үшін сайлаушылардың 221дауысына ие болды. «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны –19. Айта кетелік, бір бос депутаттық мандатқа үш кандидаттан келді.

  Құрманғазы ауданындағы №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2685 азамат енгізілді. Дауыс беруге — 1404 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс — 37 қатысты.

    Саяси доданың ашықтығын кандидаттардың сенімді өкілдері бақылап отырды.  Бұл күні ауданда барлығы екі сайлау учаскесі ашылды. Екеуінде де тұрғындар белсенділіктерін байқатты. Бұл бұқараның саяси науқанға бейжай қарамайтынын көрсетеді. Алғаш болып дауыс берген аудан тұрғыны Мереке Омарғалиев өзі үшін емес, отбасының тыныштығына, елінің болашағына таңдау жасағанын айтады.  Ал, №172 сайлау учаскесінің сайлаушысы Дәурен Аманғалиев “Елімнің ертеңіне үлесімді қосу — азаматтық парызым. Мүмкіндігінше сайлаудан қалмауға тырысамын. Бұл жеке пікірім арқылы ел болашағына өз үлесімді қосатынымды білемін” дейді ол.

    Ал, №6 және №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Исатай аудандық мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлауда сайлаушылар тізіміне 3312 азамат енгізілген екен.

    №6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша 745 тұрғын дауыс берсе, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс — 7 қатысқан. Мұнда да мемлекеттік Әнұранды тұрғындар мен сайлауды бақылаушы байқаушылар, сенімді өкілдер тік тұрып қосыла шырқады. Сайлау комиссиясының өкілдері 1940 жылы туған тұрғын Бәтіш Сариеваның үйіне барып дауыс беруіне мүмкіндік жасады. Ақжаулықты ана елге тыныштық, жұртына амандық тіледі.

   Сайлау қорытындысымен №6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Исатай аудандық мәслихаттың депутаты болып 1975 жылы туған, «КазТрансГазАймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалы Исатай газ шаруашылығының директоры, Исатай ауданы Аққыстау ауылының тұрғыны Женисбек Кабиев сайланды. Оған сайлаушылардың  413 дауысы, Н. Ателов үшін сайлаушылардың 185 дауысы, ал, Н. Искалиев үшін сайлаушылардың  119 дауысы берілген.

    Исатай ауданы бойынша №10 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалған Исатай аудандық мәслихаты депутаттарының орнына сайлауына қатысты сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00  дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын орындаумен бастады. Жанбай ауылдық округі бойынша №135 сайлау учаскесі ол «Жанбай Мәдениет үйінде» орналасқан. Бұл учаскеге қарасты сайлаушылар саны -1870 . Олардың ішінде мүгедектігі бар сайлаушылар — 16, оның үшеуі арбаға таңылғандар болса, көру мүгедектігі барлар-8, есту қабілеті нашарлар саны — 5 . Оларды өтініштеріне сайкес дауыс алуды ұйымдастырылды. Жастардың біркісідей белсенділік танытулары айта кетерлік жәйт. “Саяси сауатты ел болашақтары өсіп келеді” дейді ондағылар. Расында, бұл өскелең ұрпақтың Отанына деген сүйіспеншілігі. 

    Дауыс беруге — 989 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс — 10 қатысты. 

  №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Исатай аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындысы бойынша,  Е.А.Доскалиев үшін сайлаушылардың 623 дауысы берілсе, М.С.Насихатов үшін сайлаушылардың 99, Н.З.Пауеденов үшін сайлаушылардың 248 дауысына ие болды. Ал, «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 1.

    Сайлау қорытындысымен №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Исатай аудандық мәслихаттың депутаты болып 1986 жылы туған, «AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалының атқарушы хатшысы, Исатай ауданы Жанбай ауылының тұрғыны Едиге Доскалиев сайланды.

 Рита ӨТЕУҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button