Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

ad81230f f601 4acc b321 de1e0ac415bb Сайлау

19 наурызға тағайындалған сайлауға санаулы күндер қалды. Үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жалғасуда. Бүгін AMANAT партиясының облыстық сайлауалды штабының бір топ мүшелері «Атырау облысы Су Арнасы» КМК ұжымымен кездесті.

ee7afa98 42aa 455f aa6c c08bb319e448

Атырау облысы – донор аймақ. Осы ретте республикалық алып қоюлардың көп екені, сол қаражат көлемін азайтып, облыстың өз қажеттілігіне жарату туралы мәселе аз айтылып жүрген жоқ. Аталған басқосу барысында бұл тақырып та талқыға түсті.

45480acc 09fa 4488 b2fd 69d38a8a727c

Еліміздегі жаңару мен жаңғырудың ұйытқысы саналатын AMANAT партиясы халықтың сұраныстарына негізделген «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жасақтады. Стратегиялық маңызы зор бағдарламада көптеген мәселелер, өзекті проблемалар толығымен көрініс тапқан. Іске асатын шаралар қоғамның кез-келген өкілдеріне лайықты. Осы мәселелерді атап өткен штаб мүшелері, кандидаттар AMANAT партиясының негізгі ұстанымдарын таныстырып, пікір алмасты.  

3910a416 2684 4a69 ba40 52fd8fbe63f6

Аталғандарға қоса, тариф бағасы, инфляцияға байланысты жалақының жоғарылауы қажеттілігі туралы мәселелер де көтерілді. Штаб мүшелері айтылған әр ұсыныс, жолданған сауалдардың назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы

AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз