ТІЛЕКБАЙ АҚСАҚАЛДЫҢ ТІЛЕГІ

tynyshbai sailau Сайлау

Сағыз ауылындағы “Шұғыла” мәдениет үйінде орналасқан 155 учаскелік сайлау комиссиясында таңмен таласа тұрған  ауылдың ақсақалдары  дауыс беруге асығуда. Солардың бірі – 82 жастағы Тілекбай Нұрғалиев. Осынша жасқа келсе де саяси науқандардан қалыс қалмайтын Тілекбай ақсақал: – Бұл сайлау ел үшін өте маңызды. Себебі,  бірнеше депутат пен  партиялар арасынан дұрыс таңдау жасап, алдағы 5 жылда халыққа қызмет ететін жандарды таңдау керекпіз. Сол мақсатта ерте келіп, дауыс бердім. Ендігі тілек – сайланған депутаттар уәделерін орындап, халықтың қамқоршысы болуы керек.  Ең бастысы – ел аман, жұрт тыныш болсын, – деген тілегін жеткізді. Тілекбай ақсақалға аталмыш учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Рысбике Ізбасова кітап сыйлап, алғысын жаудырды.

Дулат Берік

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз