ТЕҢІЗ КЕН ОРНЫНДА 15 КӨШПЕЛІ ДАУЫС БЕРУ ПУНКТТЕРІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

tengiz sailau Сайлау

Сайлау комиссиясының штабына Теңіз кен орнында вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылардан Мәжіліс пен мәслихаттардың барлық деңгейдегі депутаттарын кезектен тыс сайлауында дауыс беру үшін 18 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Сондай-ақ, жұмысшылардың бір бөлігі тіркеу орны бойынша учаскелік комиссияларға жүгініп, өздерімен бірге Қазақстанның әртүрлі облыстарынан дауыс беруге арналған есептен шығару куәліктерін алып келген. Теңіз кен орнының аумағында дауыс беруге дайындық бірнеше аптаға созылды. Дауыс беру учаскелері Теңізшевройл мен мердігер ұйымдардың вахталық қалашықтарында орналасқан. Дауыс беруді ұйымдастыру үшін қажетті көлік құралдары қамтамасыз етіліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. ҚР заңнамасына сәйкес барлық деңгейдегі Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау ашық және жария түрде өтуде. Сондай-ақ Құлсары қаласынан бақылаушылар келді.

Все права защищены. Используйте активную ссылку на Atpress.kz https://atpress.kz/kk/news/saasat/teniz-ken-ornynda-15-koshpeli-dauys-beru-punktteri-zhumys-istejdi

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз