Сайлау
Сайлауға қатысып сыйлыққа ие болды
Жамбыл ауылдық округіндегі “Қаракөл” мәдениет үйінде орналасқан №151 сайлаушы учаскесін де таңғы сағат 7:00-де келіп дауыс берушілер аз болмады.
Солардың бірі — 30 жастағы Арман Ақанұлы.
— Мақсатым — алғашқы сайлаушы атану емес еді. Тек ертерек келіп, таңдауымды жасау болды. Әрі ауданда тұңғыш өтіп жатқан сайлау болғандықтан белсенділік танытқанды жөн көрдім, — дейді ол.
Арманға учаске төрағасы Төлеген Аронов алғысын айтып, арнайы сыйлық табыстады.
Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН