
Сайлау
Сайлауға белсенді қатысып жатыр
Облыс бойынша Исатай және Қызылқоға аудандарында таңертең сағат 07.00-де басталған әкім сайлауы қазір де үздіксіз жалғасуда.
Исатайдағы 15, Қызылқоғадағы 19 учаскедегі дауыс беру жұмыстары еш тоқтаусыз өтуде. Бұл туралы Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов хабарлады.
– Екі аудандағы учаскелердің барлығында 34 497 сайлаушы тізімге енгізілген. Түске дейінгі уақытта азаматтардың 24,3 пайызы дауыс беріп үлгерді. Бұл көрсеткіш – сайлау басталғаннан кейін екі сағат сайын жаңартылған ақпарат. Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20.00-де аяқталады, — деді Азамат Мақсотұлы.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА