КИКБОКСИНГТЕН ЕКІ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ САЙЛАУДАН ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР КҮТЕДІ

kikbox sailau Сайлау

Сайлауда дауыс беру – әр адамның азаматтық борышы. «Мен де бүгін дауысымды берейін деп ертемен өзімнің тұрғылықты жерім бойынша сайлау учаскесіне келдім. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен облыстық мәслихаттары депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихаттарын қалт жібергенім жоқ. Олардың қандай уәде бергенін білемін. Сондықтан өзім сенген үміткерге дауыс бердім. Енді сайлаудан кейін оң өзгерістер күтемін. Сайлауда көп дауыс жинап, жеңіске жеткен депутаттар көптеген мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолында барынша еңбек етеді деп сенемін. Олар біздің ойымызды, үнімізді ертең жоғарыға жеткізіп, тиісті заңдар қабылдайтын болады. Сондықтан «менің дауысым ештеңе шешпейді» деген пікірден аулақ болып, әр азамат сайлау учаскесіне келіп, дауыс бергені жөн» дейді №30 сайлау учаскесіне келіп таңдау жасаған кикбоксингтен екі дүркін әлем чемпионы Жандос Назарбеков.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз