
Сайлау
Сайлау сәтімен өтуде
Бүгін сағат 07:00-де Атырау және Жылыой, Қызылқоға аудандарында мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округінде дауыс беру басталды. Олар Атырау қаласында №16, Жылыой ауданында №1, Қызылқоға ауданында №10 сайлау округтері.
Тиісті сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, сағат 12.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде барлық 8 сайлау учаскесінде сайлаушылардың тізіміне енгізілген 18128 азаматтың дауыс беру процесіне қатысу белсенділігі 16,9 пайызды құрады.
Айдарбек АҚАРЫС