Сайлау: дода мәресіне жетті
Өткен жексенбі, 8 желтоқсанда өткен Атырау қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары белгілі болды.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Атырау қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өткен болатын.
Сайлаушылар тізіміне 10 829 азамат енгізілді. Дауыс беруге 5709 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 5 азамат қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Атырау қалалық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
№16 сайлау округі бойынша Г.Х.Кайрекешов үшін сайлаушылардың 903 дауысы берілді, У.Б.Капанов үшін сайлаушылардың 3745 дауысы берілді, Ж.Т.Муратуллин үшін сайлаушылардың 739 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 240;
Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Атырау қалалық мәслихаттың депутаты болып сайланды:
№16 сайлау округі бойынша – Капанов Уркен Бахтиярович, 1964 жылы туған, «Атырау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» КММ-нің директоры, Атырау қаласының тұрғыны.
Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясы