Баннер 9 мая от газеты Атырау

Сайлау-2023: 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды

65ca90e2 e7f8 4144 b9b6 b5c75f452a94 Сайлау

Бүгін, 19 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды.

Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады.

   ҚР-дың шетелдегі мекемелерінде дауыс беру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес сайлау өткізілетін күні (2023 жылғы 19 наурыз, жексенбі) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз