Жарнама
Сайлау

Қазіргі уақытта сайлаушылардың 53,7 пайызы дауыс беріп үлгерді (+ВИДЕО)

Аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау процесі ашық әрі әділ өтіп жатыр. Сағат 17.00-дегі ақпарат бойынша сайлаушылардың 53,7 пайызы дауыс беріп үлгерді, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Бұл туралы Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов айтты.

Саяси дода өтіп жатқан екі аудандағы учаскелерде қатаң бақылауда.Қызылқоға және Исатайда барлығы 80-нен астам байқаушы қызмет етуде. Оның ішінде кандидаттардың сенім білдірген адамдары, саяси  партиялардың сенімді өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері қатысуда. Облыс бойынша барлығы 11 қоғамдық ұйым аккредиттелген, — деді А.Айманакумов.

Оның айтуынша, қазір сайлауды ұйымдастыру және өткізу бойынша ешқандай шағым түскен жоқ. Саяси дода елдегі белгіленген заңдылықтар бойынша өтіп жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button