Жарнама
Сайлау

Маңғыстаудағы мағыналы кездесу

Маңғыстау облысындағы екікүндік жұмысының нәтижесінде «Respublica» партиясының мүшелері 5 мың нан аса адам қатысқан кездесу өткізді. 1000 шақты адам партия қатарына өтуге өтініш білдірді.

Маңғыстау облысындағы сайлауалды турдың екінші күнінде «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров OSS Kazakhstan мұнай кəсіпшілігі кəсіпорны ішінен бастауыш партия ұйымын құру туралы келісімге қол қойды. Бұл партия да муының маңызды кезеңі болмақ. Жаңадан құрылған ұйымның негізгі міндеті – облыстың білім беру мүмкіндіктерін кеңейту жəне өндіріспен тығыз байланыста жоғары кəсіби кадрлар даярлау.

«OSS Kazakhstan» ЖШС – қазақстандық «Ұлы Дала» холдингімен сингапурлық «OSS Strategic Holdings» арасындағы бірлескен кəсіпорын. «OSS Kazakhstan» ЖШС қызметі Қазақстанның жəне ТМД елдерінің мұнай-газ секторындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Жиын нəтижесінде кəсіпорын базасында «Respublica» бастауыш партия ұйымын құру туралы келісімге қол қойылды. Оның басшысы болып серіктестіктің бас инженері Еркен Оспанов тағайындалды. Бұл – «Respublica» партиясының тиісті өңірлік бөлімшелерінің құрылымындағы тұңғыш бастауыш партия ұйымы.

«Адами капиталдың деңгейі төмен болса, кəсіпкерлер зардап шегеді. Халықтың білім деңгейі төмен болғандықтан, кəсіпкерлер кəсіби мамандар тауып, өз ісін тиісті деңгейде дамыта алмайды. Біздің бағалауымызша, еліміздегі кəсіпкерлердің 70%-ға жуығы бұл қиындыққа тап болып отыр. Бүгінгі таңда барлығымыз кəсіпорындар мен оқу орындары арасындағы байланысты нығайтуымыз қажет. Бұл мəселенің шешімі біздің сайлауалды бағдарламамызда көр сетілген», деді партия лидері.

Сондай-ақ партиялықтар Мұнайлы ауданындағы «Аманат» тоқыма фабрикасына барып, сайлау шылармен жəне «Alash Lyceum» жеке білім беру орта лы ғының ұжымымен бірнеше кездесу өткізді.

«Мен университетте 10 жылдан бері еңбек етіп ке лемін. Елімізде 200-ден астам жоғары оқу орны бар. Олардың кейбіреулері ғана жақсы практикалық білім бере алады. Университеттерде теория мен практи каның байланысы жоқ. Біз бұл келеңсіз жағдайды өз гер ткіміз келеді, бұл бағыттағы реформалар біздің бағдарламамызда білім беруді өндіріспен тығыз байланыстыру ретінде қарастырылған», деді Парламент Мəжілісінің депутаттығына кандидат Екатерина Смолякова.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button