Жарнама
Сайлау

ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІН ЕСЕЛЕЙТІН САЯСИ НАУҚАН

Қаладағы «APEC PetroTechnic» колледжінде орналасқан №90 сайлау учаскесіне 1636 сайлаушы тіркелген. Сайлау учаскесі ашылғаннан бастап дауыс берушілер толассыз келіп жатыр екен. –Наурыз мейрамы қарсаңында өтіп жатқан кезектен тыс ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына тұрғындар мерекелік көңіл күймен келуде. Қазіргі уақытта сайлаушыларымыздың 150-і дауыс берді. Үйден дауыс беретін адам саны 11. Барлығы да заң жүзінде өте белсенді өтіп жатыр. Сондықтан да біздердің де қызметіміз қауырт, — дейді №90 сайлау учаскесінің төрайымы Гүлмаржан Бисембаева. Ал, ең бірінші болып 70 жастағы Роза Нұрғалиева таңдауын жасады. – Мен өмірімде бірде-бір рет сайлаудан қалып көрген емеспін. Таңдауымды жасап, дауыс беруді азаматтық борышым деп білемін. Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс бердім және ел ертеңіне сенімдімін, — дейді нұрсаялық тұрғын.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button