Жарнама
Сайлау

ДАУЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ҚАРАСЫ ҚАЛЫҢ

Еңбекші ауылдық округінде орналасқан №168 сайлау учаскесінде 2406 сайлаушы тіркелген. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Бауыржан Ғабитұлының айтуынша, тұрғындар қарқынды түрде маңызды науқанға атсалысуда. Түстен кейін сағат 14:00 шамасында 600-ден астам адам дауыс беріп үлгерген. 84 жастағы ауыл шаруашылығы саласының ардагері Ізбасар Саконов өз аяғымен келіп сайлау учаскесінде дауыс берді. «Мәжіліс пен мәслихат сайлауы — ел өміріндегі саяси маңызы зор іс-шаралардың бірі. Сондықтан оған әрбір азамат бей-жай қарамауы қажет», — дейді ауыл ақсақалы. Белсенді сайлаушылар ескерткіш сыйлықтарға ие болды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button