212 сайлаушы үшін дауыс беру жәшіктері арнайы жеткізілді

dossor 212 sailau e1679220540494 Сайлау

Доссордағы №212 сайлау учаскесіне 1467 сайлаушы тіркелген. Оның 7-уі алғаш рет дауыс береді, 14-і мүмкіндігі шектеулі жан. Сайлаудың әділ өтуін 7 байқаушы бақылап отыр. Солардың бірі – Айнагүл Әбілқасова әзірге ешқандай заң бұзушылықтың болмағанын айтады.

“Бүгін Доссор мәдениет үйіндегі №212 сайлау учаскесінде  “Қазақстанның Азаматтық Альянсы” ЗТБ-нан бақылаушы ретінде қатысып отырмын. Таң атысымен Сайлау учаскесі ашылғаннан бастап тұрғындар белсенді келіп, өз таңдауларын жасауда. Сайлау барысында ешқандай құқық бұзушылықтар орын алған жоқ. Тұрғындарды ынталандыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Халықтың көңіл күйі көтереңкі”, – деді Айнагүл Әбілқасова.

Сондай-ақ, №212 сайлау учаскесіне қарасты «Ботақан», «Қарсақ», «Байшонас» кен орындарында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын 212 сайлаушы үшін дауыс беру жәшіктері арнайы жеткізілді. Аудан бойынша 35 кандидат тіркелген. 13-і партия атынан түсіп жатса, 22-сі өзін-өзін ұсынған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз