Еліміздің келешек бағытына жасалар елеулі қадам

bisenova1903 Сайлау

Сайлау- еліміздегі аса маңызды саяси оқиға. Бүгінгі 19 наурыз күні өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттар сайлауы – еліміздің келешек бағытына жасалар елеулі қадам. Халық өзі қалаған депутатты көпшілік дауыс арқылы таңдау құқығына ие. Бұл- шынайы демократиялық қоғамға тән сипат.
Бұдан бұрын Орталық сайлау комиссиясы республикамыздың барлық аумағында 10 коғамдық бірлестік байқау жүргізетіні туралы мәлімдеді. Солардың бірі- » Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясы. Мен, Бисенова Айзада Сайлауқызы Құлсары қаласындағы #95 сайлау учаскесінің тәуелсіз бақылаушысымын. Бүгінгі Парламент Мәжілісі мен Мәслихаттар депутаттарының сайлауында халықтың белсенділігі өте жоғары. Біздің ұйым бірнеше жыл қатарынан тәуелсіз бақылаушылар қызметін атқарып келеді. Тәуелсіз байқаушылардың басты артықшылығы -біз ешқандай кандидатқа, партияға болыспаймыз.Тек сайлаудың әділ өтуін қадағалаймыз. Сол себепті біздің жауапкершілік те өте үлкен. Тағы бір миссиямыз – сайлау учаскелерінде сайлау, дауыс беру заңдары мен нормаларына қайшы келетін әрекеттерді болдырмау.
Тәңертеңнен бері маңызды науқан басталысымен өз міндетімізді атқарудамыз. Бір қуанарлығы, ауданымызда өтіп жатқан сайлауда ешбір заң бұзушылық пен тәртіпсіздік немесе әділетсіздіктер орын алған жоқ. Сайлау өз межесінде өтуде. Демократиялық қоғамға тән көпшілік өз таңдауын еркін жасауда деп сеніммен айта аламын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз