Исатай аудан әкімін сайлауда ардагер теміржолшы өз таңдауын жасады

img 1414 Сайлау

Исатай ауданындағы іргелі қоныстардың бірі  Аққыстау  ауылдық округінде дәл қазір күн ашық, тұрғындар да көтеріңкі көңіл-күймен келіп, аудан болашағы үшін өз таңдауларын жасап жатыр, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Соның ішінде Аққыстау ауылдық округі, Егемен Қазақстан көшесі, №7 үй, «Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимаратында орналасқан №139 сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы сағат 7:00 де бастаған болатын.


Алғашқылардың бірі боп, өз таңдауын жасаған Аққыстау ауылдық округінің тұрғыны 77 жастағы зейнеткер, ардагер теміржолшы Зейнетолла Кереев.
Ол №139 сайлау учаскесіне тіркеліп, өз таңдауын жасаған Зейнетолла атаның айтуы бойынша әр тұрғын сайлауға атүсті қарамай, өзінің азаматтық борышы ретінде танып, дұрыс таңдау жасап, дауыс беру керек деп санайды. Сайлау учаскесінің атынан Зейнетолла Кереевке алғаш дауыс беріп, ел дамуына енжарлық танытпағаны үшін естелік сыйлық та табысталды. 

Айта кетейік аталмыш сайлау учаскесіне 1547 сайлаушы тіркелген. №139 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Ербол Ақтановтың айтуынша дауыс беру қарқынды түрде жүруде. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз