Жарнама
Сайлау

Ауыл өнерпаздары мерекелік көңіл-күй сыйлады


Еркінқала ауылдық округінде өтіп жатқан ауыл әкімін сайлау барысында еркінқалалық өнерпаздар ән мен күйден шашу шашып, дауыс берушілердің көңіл-күйін көтерді.
Ауылдық округтегі мәдениет үйінде орналасқан №245 сайлау учаскесінде 1759 дауыс беруші тіркелген. Учаскелік комиссия төрағасы Тойған Өтепованың айтуынша, сағат 11.30-ға дейін 80-нен астам сайлаушы дауыс беріп үлгерген. Олардың қатарында тұңғыш рет өз таңдауын жасаған бір жас дауыс беруші, бір мүмкіндігі шектеулі жан бар. Екі тұрғын үйден дауыс беруге өтініш білдірген.
Ал маңызды саяси науқанда тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін ауыл өнерпазы Қаламқас Сақауқызы белгілі композиторлардың әндерін орындаса, «Жігер» домбырашылар ансамблі күмбірлеген күй тартты. Мұндай концерттік бағдарламаны тұрғындар жылы қабылдап, өнерпаздарға ризашылықтарын білдірді.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ,
Суретті түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button