Жарнама
Сайлау

Астық экспортын реттеу жолдары

«Ауыл» партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Қайрат Айтуғанов, Серік Егізбаев, Рабиға Тоқсейітова, Николай Арсютин, Ілияс Досқожаев, Қуаныш Сейітжанов, Дәурен Рахымбек пен аталған партиядан түрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидаттар Қарағанды облысына барды.

Өңірде олар «Эталон LTD» ЖШС ұн тарту кешенінің еңбек ұжымымен, «Болашақ» академия­сында сайлаушыларымен кездесті.

Кандидаттар алдымен «Эталон LTD» ЖШС ұн тарту кешеніне барды. Жиын аталған кешеннің тағамдық, жоғары сапалы бидай кебегін, витаминдер және минералдармен байытылған, жоғары, бірінші және екінші сортты бидай ұнын шығаратын өндірістік базасында өтті. Кәсіпорын отандық астық өндірушілерден бидай сатып алып, оны өнімге айналдыру арқылы тұрақты жұмыс істейді. Алайда соңғы кездердегі астық бағасының тұрақсыздығы кәсіпорын жұмысының ырғағына әсер етіп отыр.

«Былтыр елімізде астық жеткізуде дағдарыс болды. Фермерлер мен өңдеушілер бағаға келісе алмады. Шенеуніктер мәселені шешудің орнына астық экспортына тыйым салып, сол арқылы фермерлер мүддесін аяқасты етті. Фермерлер өндірген ауыл шаруашылығы өнімдері құнын субсидиялау арқылы таразы басын теңестіруге мүмкіндік болса да, олар басқа ештеңе ойлап таппады. Субсидия арқылы фермерлердің, ұн тартушылардың, ең бастысы ұн мен нан тұтынушылардың, яғни Қазақстанның барлық азаматының мүддесі қорғалар еді. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту­дың Ұлттық стратегиясына бірінші кезекте ауыл шаруа­шылығы тауарын өндірушілердің сервис­тік-тұтыну кооперациясын ынталандыру негі­зінде ауыл шаруашылығының өндірістік инфрақұ­рылымын құру, екіншіден, түпкілікті нәтижеге бағытталған субсидиялау жүйесінен бастап ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау жүйесін реформалау қажет. Мемлекеттік органдардың агробизнес дамуына кері әсер ететін кез келген әрекетіне ты­йым салатын, отандық бизнесті импорт қысымынан қорғайтын жаңа кедендік-тарифтік саясатты әзірлеу керек. «Ауыл» партиясы Мәжіліске барғанда бірінші кезекте осылармен айналысады», деді кешеннің жүзге тарта жұмысшысы алдында сөз алған Рабиға Тоқсейітова. 

Бұдан кейін кандидаттар «Болашақ» академия­сында сайлаушыларымен кездесті.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button