
Сайлау
ӘЛЕМНІҢ 4 ҚАЛАСЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІ АШЫЛДЫ
Ташкент, Ашхабад, Исламабад және Душанбеде сайлау учаскелері ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап. Еске салайық, бүгін дауыс беру үшін бірінші болып (жергілікті уақытпен сағат 07.00-де, астана уақытымен 04.00-де) Оңтүстік Корея астанасы Сеулде және Жапония астанасы Токиодағы сайлау учаскелері ашылған болатын.
Кейіннен Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр, Джакарта, Бангкок пен Ханой қалаларында дауыс беру басталды.
Сеулде алғашқы болып қазақстандық курсант Елнұр Асанов өз таңдауын жасады.