Сайлау

№4 АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАРИЯЛАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Атыраудағы №4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызмет алушылары саяси додаға белсене қатысты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. №4-ші орталыққа үй-жайлардан тыс жерлерде дауыс беруді ұйымдастыру кезінде тасымалданатын жәшік жеткізілді. Орталық директоры Қилымқас Күзембаеваның айтуынша, мұндағы қызмет алушы 107 қарияның толықтай дауыс беруге қатысқан. – Орталықта 107 қызмет алушы бар. Оның 49-ы 1-ші, 2-ші және 3-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар. Ал, 31-і төсек тартып жатқан жандар. Әйтсе де барлығы дауыс беру күнін асыға күтіп, сайлау науқанына белсене қатысты. Өз таңдауларын жасаған соң, ақ баталарын берді,- деді Қ.Күзембаева.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button