«Nur Otan»: Жастарды қолдау жалғасады

img 4981 23 01 19 10 48 Саясат

«Nur Otan» партиясының жастарды қолдау бағытында жүзеге асып жатқан іс-шаралары аз емес. Алдағы бес жылда да бұл мақсаттағы ауқымды істер жоспарға сай жалғаса бермек. Өйткені, партияның бесжылдық бағдарламасында бұл мәселе анық көрініс тапқан.

Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Абзал-Сенбі Самаликов Мақат ауданының жастарымен онлайн жүздесіп, үгіт-насихат жұмыстары кестесіне сай кезекті шараны жүзеге асырды.

  • Мақат ауданында 14-29 жас аралығында 7278 жас бар. Ол аудан халқының 23 пайызын құрайды. Жастарды қолдау, спортпен, бизнеспен айналысуға, салауатты өмір салтын ұстануға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар атқарылып келеді, – деген ол партия бағдарламасында көзделген міндеттер туралы айтты.

Жастарды қолдау мақсатында «Nur Otan» партиясы Мақат, Доссор кенттері мен Бәйгетөбе ауылдық округтерінде волонтерлік топтар құру арқылы еріктілер қозғалысын қолдауды, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жыл сайын 70 жасты ауданды көгалдандыруға тарта отырып, уақытша жұмыспен қамтуды көздейді. Оған қоса, «Бастау бизнес» бағдарламасын іске асыруға және жыл сайын кемінде 5 грант беріп, жастардың өз кәсібін ашуына жәрдемдесу де – саяси ұйым ұстанған меженің бірі.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жастарға тәжірибе жинақтауға мүмкіндік туғызып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауданға мамандарды көптеп тарту да – таяу жылдарда жүзеге асырылатын істер қатарында. Жалпы, жоспарланған жұмыстарды тиімді жүзеге асыру арқылы көзделген меже – аудан жастары арасындағы жұмыссыздық деңгейін 2025 жылға дейін 1,4 пайыздан 1,1 пайызға дейін төмендету.

Бағдарламада айқын көрініс тапқан осы жұмыстарды кеңінен таныстырып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген кандидат Абзал-Сенбі Ізбасарұлы жастардың белсенді екенін ерекше атап, пандемия кезінде волонтер ретінде көмек көрсеткендері үшін алғыс айтты.

  • Жастармен бұл бірінші кездесуім емес. Түрлі форматтағы басқосуларда жүздесіп, ашық пікір алмасып келеміз. Алдағы сайлау науқанында да белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамын. Бірауыздан қатысып, сайлау науқанына өздеріңіз ғана емес, дос, туыстарыңызды да тартуға ықпал етсеңіздер. Өздеріңіз білетіндей, «Nur Otan» партиясының бесжылдық бағдарламасында басымдық берілген тақырыптың бірі – жастар мәселесі. Қолдау бағытындағы жоспарды жүйелі түрде жүзеге асыру көзделіп отыр, – деді ол кездесу соңында.

Өз кезегінде жастар қолдауға, бірлесіп жұмыс жасауға әзір екендерін айтып, нәтижелі кездесу ұйымдастырғаны үшін кандидатқа алғыс білдірді.

Гүлжан ӘМІРОВА

«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз