КЕШІГІП КЕЛГЕН БАҚЫЛАУШЫЛАР САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕ КІРГІЗІЛМЕЙДІ

2021 07 25 064703311500 Саясат

Атырау облысында ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сайлау учаскелерінде санитариялық нормалар сақталып, қауіпсіздік шаралы қатаң бақылауда.

Әр сайлау уческесінде сыйымдылығы мен аумағына байланысты бақылаушыларға арналған орындар саны да әртүрлі. Бұл ретте, Сарайшық ауылдық округіне қарасты №223 сайлау учаскесінде бақылаушыларға арналған 3 орын бөлінген.

– Саяси партиялар мен тәуелсіз бақылаушылардың кейбірінің сайлау уческесіне кіруіне мүмкіндік жоқ. Аймақтағы эпидемиологиялық ахуал осындай шараларды қолдануға мәжүрлеп отыр. Мен «Нұр Отан» партиясының атынан бақылаушы ретінде осы сайлау учаскесіне тіркелдім, әзірге ішке кіруге мүмкіндік болмай тұр. Өйткені сайлау уческесіндегі байқаушыларға бөлінген орындарда үкіметтік емес ұйым өкілдері отыр. Дегенмен,  сайлау учаскесінің сыртында «Қазақстан Халық Партиясы» және өзге де саяси партиялардың бақылаушылары бар. Заң баршамызға ортақ, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сантиарлық талаптарды сақтау бәрімізге артылған жауапкершілік. Бұл жағдайға баршамыз да түсіністікпен қарауымыз керек. Сайлау учаскесінің ішіндегі бақылаушыларға арналған орындардың бірі босаған жағдайда, бізге кіруге мүмкіндік болады. Жалпы тұрғындардың учаскеге келу белсенділігі жақсы екені байқалады, – деді «Нұр Отан» партиясының атынантіркелген бақылаушы Жандос Дүйсембаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз