«МИРАСТЫҢ» МІНДЕТІ МӘНДІ

Руханият

Мәжіліс барысында партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бектеміров қоғамдық кеңестің мәдени, тарихи мұраларды сақтау және дамыту мақсатында құрылғандығын атап өтті. Одан соң кеңес мүшелері кеңесе отырып, «Мирастың» төрағалығына Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, композитор, жазушы Илья Жақановты сайлады.
Жиында облыстағы мәдени-ошақтардың қазіргі жай-күйі және мәдени саясатты жүзеге асыру, аймақтағы жасөспірімдер мен балалар шығармашылығын дамыту мәселелері ортаға салынды. Басқосу барысында жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рахымжан Отарбаев, мәдениет саласының ардагері Орынғали Қарасаев, бүкіләлемдік қазақтар қауымдастығы Атырау облысы филиалының төрағасы Өтепберген Әлімгереев пен басқа да мәдениет және қоғам қайраткерлері өз пікірлерін ортаға салды.

Нұрислам ҒҰМАР,
Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық
университетінің студенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған