Атырауда әкелер сайысты

oldododo Қоғам

Жаңаталап ауылдық мәдениет үйінде өткен «Әке – отбасы тірегі» атты сайысы қоғамдағы ер адамның рөлі мен отбасындағы орнын кеңірек насихаттауды көздепті.

Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, Жаңаталап, Құрманғазы, Қызылбалық ауылдық кітапханаларының ұйымдастыруымен өткен шараға қатысуға ниет білдіргендердің қатары көп.
Сайысқа ұлттық тәрбиені сіңіріп, ұл-қыздарына өмірімен өнеге болып келетін әкелер қатысты.
Төрт айналымнан тұрған сайыста әкелер өздерін таныстырып, мақал-мәтелдің жалғасын тауып, ахуалдық көрініске жауап беріп, өз өнерлерін көрсете білді.

​Сайыс барысында өнерпаздар әсем ән шырқап, күй орындап, сахналық көрініс қойды.
​Сайыстың нәтижесінде әкелердің достығы жеңіп, Жақсылық Үбіғалиев «Парасатты әке», Қайрат Қайрекесов «Мейірімді әке», Жәнібек Охасов «Қамқор әке» номинациясына ие болды.
Сайысқа қатысушыларға сыйлықтар мен алғыс хат табысталды.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз