ДІМКӘС НӘРЕСТЕ НЕГЕ КӨБЕЮДЕ?

Бұрын біз мүгедек, болмаса кемтар туылған сәбилер туралы теледидардан көріп, шетелдердегі оқиғалардан ғана білетінбіз. Қазір мұндай нәрестелер өз ортамызда да пайда бола бастады. Тіпті, анасының құрсағында жатқан қызылшақаны дәрігерлер бақылауынан соң: «Мынау дамымай жатыр. Мұны тездетіп алдырту керек!» - деп, екі-үш айда-ақ оның өміріне балта шабатынын көріп жүрміз. Ал, бір-бірімен жабысып, ортақ денемен туылған, не саусағының басы дамымаған, болмаса аяқтарының бірінен-бірі қысқа келетін нәрестелер қаншама?!

Осындайларды көріп отырып, тұрмыстағы қыздарымыз бен үйдегі келіндеріміз үшін кәдімгідей қорқатын болдық. Сонда бұл неден, біздің өңірдің ауасының ластығынан ба, әлде Алланың өзінің жіберген дерті – сынағы ма? Менің бір қызым Мақатта, екіншісі Индер ауданында тұрмыста. Өкінішке орай, біреуінің тұңғышы тумысынан саңырау болса, екіншісінікі сал ауруымен ауырады. Ал, кіші келінімнің ішіндегі шаранасын «ауруы қатты, жазылмайды» деп дәрігерлердің өздері алдыртып тастауға ақыл қосты. Сау ұрпақ қайда, ағайын, мұның сырын бізге кім айтады?

С.ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,
65 жастағы әже,
Жылыой ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз