«ЕРКЕМ-АЙ» ТОП ЖАРДЫ

Рухани жаңғыру

 

Алматы қаласында өткен екі күндік байқауда республикамыздың әр шалғайынан іріктелген кәсіби және оқу орындарының хор ұжымдары шеберліктерін сарапқа салды. Бір жағынан елдегі хор өнерінің орындаушылық деңгейін шыңдай отырып, көрнекті қазақ композиторы, Қазақстандағы кәсіби музыка өнерінің негізін қалаушылардың бірі, ҚазССР еңбек сіңірген өнер қайраткері Б.Байқадамовтың шығармашылығын кеңінен насихаттайтын байқаудың биылғы басты жүлдесіне Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театры лайық деп табылды. Орта білім беретін оқу орындарының ішінен Атыраудың Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясының «Еркем-ай» хор ұжымы топ жарды. Ал, орта жастағылар арасында аталған академияның «Үркер» хоры 3-орыннан көрінді.
Өнерпаздарды дайындаған хор ұжымының көркемдік жетекшісі – Назгүл Байлауова, Алтын Жұматина, концертмейстерлер – Рысалды Құлжабекова, Юлия Розова. Назгүл Байлауованың айтуынша, бірінші орын үшін сегіз кәсіби ұжым бәсекеге түсті. Қатысушылар хорға өңделген қазақтың халық әндерін, шетел композиторларының және Б.Байқадамовтың хорға арналған шығармаларын «а капелло» түрінде орындады. Атыраулық өнерпаздар байқаудың алғашқы кезеңінде-ақ қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған