Учаскеге тіркелмеген азаматтар қалай дауыс береді?
Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын азаматтардың дауыс беруін ұйымдастыру шаралары қабылданды.
Бұл жұмыстарға 38 учаскелік комиссия тартылған. Азаматтарды тіркеу орны бойынша мәліметтерін тексеру және референдум учаскелерінің мекенжайлары бойынша азаматтарды тіркеу бағытында екі онлайн-сервис әзірленді.
Қандай да бір себептермен тізімдерде өздерін таба алмаған, бірақ референдум учаскесінің шекарасында тұратын азаматтар дауыс беру күні тіркеу мекенжайын өзі тексеретін учаскелік комиссияға жүгінуге мүмкіндігі болады. Тұрғылықты жері расталған жағдайда азамат тізімге енгізіледі. Бұндай қызметтер барлығы 181 учаскеде қолжетімді болады.
Тіркеуі жоқ және осы себепті ешбір учаскеде тізімге енбеген азаматтардың дауыс беру күні референдум учаскесінде тіркелуге және онда дауыс беруге мүмкіндігі бар (Атырау қаласының 5 учаскесінде қызмет көрсетіледі).
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ