Жарнама
Референдум

Учаскеде – қолөнершілер көрмесі

Халық көп шоғырланған «Өркен» шағынауданында №35 Хамит Ерғалиев атындағы жалпы орта мектепте №26 және №246 референдум учаскелері орналасқан. Саяси науқанның белсенді өтіп жатқанын мектеп ауласынан-ақ байқауға болады. Мектеп алдында «Urshyk» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы ұйымдастырған қолөнер бұйымдарының көрмесі өтіп жатыр.

Қолөнерші Диана Каримуллина өзі жасаған бұйымдарды қолжетімді бағамен сатуда. Оның айтуынша, референдумға қатысушылар тек дауыс беріп қана қоймай, ұлттық қолөнермен де қызыға танысуда. Көпшілігі бұйымдарға қызығушылық танытып, сатып алып жатыр.

– Халықтың белсенділігі де, көңіл-күйі де өте жоғары. Бүгінгі референдумның маңызы зор, сондықтан адамдардың көптеп келуі – болашаққа деген сенімнің белгісі. Мен ұлттық қолөнерімізді таныту арқылы жастарды да осы өнермен қызықтыруға тырысамын, — дейді қолөнер шебері Диана.
№246 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Салтанат Өрлікованың айтуынша, учаскеге тіркелген 2173 дауыс берушінің 270-ке жуығы өз таңдауын жасапты. Сондай-ақ, 14 мүгедектігі бар азамат осы учаскеге тіркелген, бірақ олардың ешқайсысы үйден дауыс беруге өтініш білдірмеген.

Жайна МӘЛІМҚОЖА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button