Жарнама
Референдум

Референдумға NCOC компаниясының вахталық әдіспен жұмыс істейтін ел азаматтары қатысты

Қазақстанда атом электр стансаларын салу жөніндегі ұлттық референдумға NCOC компаниясының вахталық әдіспен жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары
қатысты.

NCOC компаниясының шалғай өндірістік алаңдарына Атырау облысындағы Батыс Ескенеде орналасқан «Болашақ» қондырғысы, Атырау облысындағы Қашаған кен орнының теңіз кешені және Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында орналасқан Баутин базасы жатады.

Компания заңнама талаптарына сәйкес сайлау комиссиясының қарамағына шалғай өндірістік алаңдардың аумағында референдум өткізуге қажетті үй-жайларды, жабдықтар мен көлік құралдарын берді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button