Референдум
Әскерилер өз таңдауын жасады
Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша референдумда әскерилер де дауыстарын беріп, саяси науқаннан қалыс қалмады. Облыс орталығындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімі аумағындағы №75 референдум учаскесінде аталған әскери бөлімнің Отан алдындағы борышын өтеуге келіп, өз қызметтерін мінсіз атқарып жүрген сарбаздар өз таңдауларын жасады.
– Мұндағы әрбір сарбаз АЭС-ке қатысты ақпаратқа әбден қанық. Бүгін, міне, барлық сарбаз Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз дауысын берді. Ал, офицерлер мен келісім-шартпен қызмет етіп жүрген әскери қызметшілер өздерінің тұрғылықты мекенжайлары бойынша дауыс беріп жатыр,-деді 5546 әскери бөлімнің командирі Ерлан Ипатов.
Рита Өтеуғали