Жарнама
Референдум

Қариялар да болашақ үшін үлес қосты

«Жұмыскер» шағынауданында орналасқан Исатай Тайманұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте №18 референдум учаскесі бар. Бұл учаскеде барлығы 2488 сайлаушы тіркелген. Солардың бірі – Асановтар отбасы.

75 жастағы Аманша Асанов пен Рая Асанова да тарихи сәттен қалыс қалмай, өз таңдауын жасады.
– Бәрі де ұрпақтың кемел келешегі үшін. Біз үшін референдумға қатысу – азаматтық борышымыз. Елдің болашағына өз даусымызды беру арқылы үлес қосу маңызды, – дейді отағасы Аманша қария.
Учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Рауасия Масалимованың айтуынша, сайлаушылардың 752-і дауыс беріп үлгерген. Ол қоғамның маңызды шешімдерге қатысуының ел үшін зор маңызға ие екенін атап өтті.
– Халықтың белсенділігі көңіл қуантады. Әр адам өзінің даусымен елдің болашағына әсер ете алады, – дейді Рауасия Масалимова.
Асановтар отбасының референдумға қатысуы, сондай-ақ басқа да сайлаушылардың белсенділігі елдің бірлігінің және болашаққа деген сенімнің көрінісі болып табылады.

Жайна МӘЛІМҚОЖА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button