Жарнама
Референдум

Атырау облысында 411 880 дауыс беруші бар

Бүгінгі саяси дода облыста ҚР Орталық референдум комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес ұйымдастырылып отыр.

Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың айтуынша, өңірде 9 аумақтық (63 мүше), 274 учаскелік (1974 мүше) референдум комиссиясында барлығы 2037 мүше бар.

Облыс бойынша барлығы 274 референдум учаскесі қызмет етеді. Олардың 11-і азаматтардың уақытша болу орындарында құрылған. Атап айтқанда, 9-ы – емдеу мекемесі, 1-еуі – тергеу изоляторы, 1-еуі – әскери бөлімше.
Айта кету керек, облыста республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 411 880 азамат тіркелген.
Өз тілшіміз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button