Референдум
Сатыбай атай отбасымен дауыс берді
Дамбы ауылындағы Амангелді атындағы орта мектепте орналасқан №68 учаскелік референдум комиссиясының құрамында 9 адам бар. Учаске бойынша дауыс беру құқы бар азаматтардың саны – 2125. Сағат 9:00-ге дейін дауыс берушілердің саны 250-ден асқан.
Ардагер-ұстаз Сатыбай Апендеұлы отбасымен бірге дауыс беріп, референдум жұмысына сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде референдумға бір кісідей атсалысуға шақырды.
Биыл ғана кәмелет жасқа толған Эльназ Мүтиғолла да өзінің таңдауын жасады.
Учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Марина Төлегенова дауыс берушілердің қатары артып жатқанын айтты.
Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ