Жарнама
Референдум

АЭС салу – заман талабына сай шешім

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Жолдауда ел дамуын алға жетелер басты тоғыз бағыт қамтылды. Оның ішінде Мемлекет басшысы энергия тапшылығын жою үшін сенімді және экологиялық таза қуат көзі ретінде атом энергетикасын дамытуды ұсынған Үкіметке қолдау білдірді.

Бірақ, стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керектігін айтып: «Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын. Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын», деп мұны халықтың талқысына салуды ұйғарды.
Қазір әлемнің көптеген мемлекеттері электр энергиясына арта түскен сұранысты шешудің тиімді жолы ретінде атом энергиясын пайдаланып отырғаны жұртшылыққа жақсы мәлім. Әрине, оны салғанда тиісті қауіпсіздік шаралары сақталады. Бұл бір жағынан алғанда тиімді, әрі экологиялық жағынан таза, арзанға түсетін қуат көзі. Мысалы АЭС жағынан көршілес Ресей Еуропада екінші орында тұр. 11 атом электр стансасы болса, оның 1-і қалқымалы. Біреуінен басқасы елдің еуропалық бөлігінде. Оның ішінде Балаков (Саратов облысы) және Белояр (Свердловск облысы) Қазақстанға жақын орналасқан. Көршілес Қырғызстанда да қазір АЭС салу талқыға түсуде. Себебі, энергияның басқа түрін алу үшін су ресурстары мен қазба байлықтары пайдаланылады. Олардың да жыл өткен сайын тапшылығы сезілуде. Сонда электр энергиясын өндіру қымбаттай түсері анық. Қазақстанда бір ғана АЭС салынса да оның елге берері көп. Бұл заман талабына сай шешім. Сондықтан, референдумда қолдау табады деп ойлаймын.

Игорь АБУҒАЛИЕВ,
“Атырау жарық” АҚ Құрманғазы аудандық электр желілері мекемесінің басшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button