Жарнама
Құқық

Жыл басынан бері мас күйде көлік тізгіндеген 100-ден астам жүргізуші анықталды

Автокөлікті мас күйінде жүргізу жол жүрісіндегі ең ауыр құқық бұзушылықтардың бірі болып есептеледі. Себебі мас жүргізуші — ол қылмыскермен тең.

Жыл басталысымен патрульдік полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған 500-ге жуық жүргізуші жауапкершілікке тартса, олардың 100-ден астамы көлік басқаруға құқығы жоқ бола тұра ішімдік ішкен күйде көлік тізгіндегендер.

Мәселен, 22 қазан күні сағат 19:02 шамасында 102 операторына белгісіз ер адам қоңырау шалып, Владимирский көшесінде орналасқан
“У Гаджи” кафесінің алдында Приора маркалы автокөлігінің жүргізушісі мас күйде екендігі жөнінде хабарлама қалдырған.

Аталған хабарлама бойынша жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнекамералардың көмегімен жедел түрде аталған автокөліктің жүрген жерін анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Бағыттама бойынша Приора маркалы автокөлігін тоқтатқан Батыс қызметкерлері 1983 ж.т., көлік жүргізушісін анықтады. Тексеріс кезінде 38 жастағы жүргізушінің көлік басқаруға құқығы жоқ бола тұра масаң күйде көлік жүргізгендігі белгілі болды.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер) әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button